Жас талдаушылардың республикалық конкурсы! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Жас талдаушылардың республикалық конкурсы!
29 октября 2020

Жас талдаушылардың республикалық конкурсы!


«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ «Ортақ іс – Ортақ мақсат – Қазақстанның гүлденуі» зияткерлік жобасының іске қосылғаны және «Жас зерттеуші-2020» республикалық конкурсының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Қатысуға шақырылады:

  • жоғары оқу орындарында экономикалық және қаржылық мамандықтар бойынша білім алушылар;
  • өздерінің сараптамалық-талдау дағдыларын арттыруды жоспарлаушылар;
  • өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелерді зерттеуге қатысқысы келетіндер.

 

«Жас Зерттеуші-2020» мектебі аясында институт ұйымдастыратын мастер – кластар барысында қатысушыларға проблемаларды шешудің жаңа,бірегей жолдарын іздеудің мүмкіндігі ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  • Нысан бойынша толтырылған өтінім;
  • Түйіндеме;
  • Таңдалған бір тақырыпқа Эссе *;
  • Жеке куәлік (көшірмесі);
  • Сертификаттар, грамоталар (көшірмелер);
  • Ғылыми жарияланымдар (тезистер, мақалалар және т. б.) (көшірмелер).


Эссеге қойылатын талаптар:
* Қазақ немесе орыс тілдерінде көлемі 1000 баспа белгісінен аспайтын, кегль 14, шрифт - Times New Roman, интервал – бір, беттің параметрлері: жоғарғы жағы – 2 см, төменгі жағы – 2 см, сол жағы – 2,5 см, оң жағы – 2 см орындалуы тиіс, онда:

  • зерттеу тақырыбының өзектілігі;
  • таңдалған тақырып бойынша автордың жұмыс гипотезасы;
  • ағымдағы жағдайды талдау;
  • қорытындылар мен ұсыныстар.

 

Байқау жеңімпаздары 2021 жылдың наурыз айында «Жас зерттеуші-2020» мектебінде экономика бойынша онлайн-курстардан өту мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ өздерінің сараптамалық-талдау дағдыларын арттыру үшін Институт сарапшыларымен бірлескен зерттеу жүргізе алады.

Нәтижесі көрсетілген тақырыптардың бірі бойынша ұжымдық талдамалық жазба, сондай-ақ Институт сарапшыларымен бірлескен ғылыми мақаланы ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдардың бірінде жариялау болады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі-2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін (сағат 18.30-ға дейін).

Онлайн-конкурс жеңімпаздарының тізімі ҚР БҒМ мен экономикалық зерттеулер институтының сайтында 2020 жылғы 21 желтоқсаннан кейін жарияланады.

Эссе және Конкурсқа қатысушылардың барлық қажетті құжаттары эссе тақырыбының бағытын міндетті түрде көрсете отырып мына электрондық мекенжайға жіберіледі: konkurs@eri.kz

Конкурстық құжаттама және өтінімді ресімдеу бойынша түсіндіруді жүзеге асыратын жауапты тұлға - Кашкинбекова Гульмира, телефон 8-701-227-37-72.

Пресс-служба ИнЕУ
(Экономикалық зерттеулер институты сайтының ақпараты бойынша)

Чат-бот