14 сентября 2020
Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұйымдастыруымен ИнЕУ студенттері арасында TikTok-та бейнероликтер байқауы басталды
Қатысу үшін қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және жастар арасында парасаттылыққа тәрбиелеу тақырыбына TikTok форматында бейне түсіріңіз.
Конкурстық жұмыстарды ұйымдастырушыларға 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін E-mail-ға жіберіңіз: dmdgs_pavlodar@mail.ru
Роликтерді қазылар алқасы бағалайды. Жеңімпаздар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен дипломдар алады.
Пресс-служба ИнЕУ