STIPENDIUM HUNGARICUM БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы Stipendium Hungaricum бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде 2025-2026 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша 250 оқу гранты бөлінді:
- Бакалавриат – 110 орын
- Магистратура – 90 орын
- Бакалавриат + магистратура – 30 орын
- Докторантура – 20 орын
Грант мына шығындарды өтейді:
- Тегін оқу
- Стипендия
- Жатақханада тұру (немесе жалдамалы пәтерге ай сайынғы
40 000 HUF көлеміндегі өтемақы) - Медициналық сақтандыру
Құжаттар 2024 жылғы 25 қарашадан бастап 2025 жылғы 17 қаңтарды қоса алғанда «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) арқылы қабылданады немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға тапсыруға болады.
Толық ақпаратты Халықаралық бағдарламар орталығының ресми сайтынан bolashak.gov.kz таба аласыздар. Әлемдік деңгейдегі білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!