Халықаралық студенттер күні » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Халықаралық студенттер күні
Сегодня, 10:00

Халықаралық студенттер күні

 

Құрметті студенттер!

Сіздерді Халықаралық студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке білімге құштар, ізденімпаз, шығармашыл жастарды біріктіреді. Студенттік кезең – үлкен мүмкіндіктер мен жаңалықтарға толы, тұлға ретінде қалыптасудың маңызды шағы. ИнЕУ-дегі әр күніңіз жаңа білімге, шабытқа және өз күшіңізге деген сенімге толы болсын.

Сіздер – еліміздің болашағы, оның интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетісіздер. Біз сіздердің жетістіктеріңізге сенеміз және кәсіби жолдарыңызда қолдау көрсетуге әрдайым дайынбыз.

Барлығыңызға мықты денсаулық, жарқын жетістіктер, тың идеялар және сенімді достар тілеймін. Армандарыңыз орындалып, студенттік жылдарыңыз өмірлеріңіздегі ең жарқын кезеңге айналсын!

Құрметпен,
Ч.С. Макенов
Инновациялық Еуразия университетінің ректоры

Главная страница Telegram