» » 2021 жылы ҰБТ өткізу мерзімдері
15 февраля 2021

2021 жылы ҰБТ өткізу мерзімдері

Өтініштерді қабылдау мерзімі

ҰБТ өткізу мерзімі

Қатысушылар

Қаңтар

Қаңтар

1) орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11(12) сыныптарының білім алушылары еркі бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау үшін

2) ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қабылданған адамдар

3) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша оқитын және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар

Ақпан-мамыр

Наурыз-маусым

1) орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11(12) сыныптарының білім алушылары еркі бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау үшін

2) Ағымдағы жылғы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе еркі бойынша ақылы негізде ЖОО-на түсу үшін

3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе еркі бойынша ақылы негізде ЖОО-на түсу үшін орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өткен жылдардағы бітірушілері

4) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері

5) шетелде оқушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілеріне, сондай-ақ шетелде оқу орындарын бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдеріне республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе еркі бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау үшін

6) ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша ЖОО-ға қабылданған, ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған, бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелерімен, күнтізбелік жылы ақылы негізде ЖОО-ға одан әрі қабылдау үшін ҰБТ нәтижелерінің күші жойылған адамдар;

Шілде

Тамыз

1) орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11(12) сыныптарының білім алушылары еркі бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау үшін

2) орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілеріне республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе еркі бойынша ақылы негізде ЖОО-на түсу үшін

3) шетелде оқушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілеріне, сондай-ақ шетелде оқу орындарын бітірген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдеріне республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе еркі бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау үшін

4) ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қабылданған адамдар

5) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша оқитын және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар