«Информатика» пәні бойынша колледж студенттері мен мектеп оқушыларын «Болашаққа қадам-2021» Интернет - олимпиадасына қатысуға шақырамыз » Инновациялық Еуразия Университеті
» » «Информатика» пәні бойынша колледж студенттері мен мектеп оқушыларын «Болашаққа қадам-2021» Интернет - олимпиадасына қатысуға шақырамыз
01 марта 2021

«Информатика» пәні бойынша колледж студенттері мен мектеп оқушыларын «Болашаққа қадам-2021» Интернет - олимпиадасына қатысуға шақырамыз

Инновациялық Еуразия университеті құрылғанына 30 жыл толуына орай, Инновациялық Еуразия университетінің негізін қалаушы, профессор Қажыкен Қабышұлы Қайдаровты еске алуға арналған «Информатика» пәні бойынша «Болашаққа қадам-2021» Интернет - олимпиадасын өткізеді.


Өтетін күні: 1-27 сәуір 2021 ж.

Олимпиадаға қатысу үшін Павлодар облысының колледж студенттері мен мектептер мен лицейлердің 7-11 сынып оқушылары шақырылады. Олимпиадаға қатысу тегін.

Интернет-олимпиада 2 турда өтеді:

  • бірінші кезең (іріктеу кезеңі) - 2021 жылғы 6 сәуірде компьютерлік тестілеу түрінде (on-line режимі) өткізіледі.
  • олимпиаданың екінші кезеңі қорытынды болып табылады және 2021 жылғы 19 сәуірден бастап on-line режимінде өткізіледі: қатысушылар қазылар алқасына олимпиадалық тапсырмалар мен тапсырмалардың шешімін негіздеумен ұсынады.

Қорытынды (көзбе-көз) кезеңге қатысуға алдын ала кезеңде орындалған тапсырмаға сәйкес алдын ала кезеңнің жеңімпаздары жіберіледі.

Ең жоғары балл жинаған олимпиада жеңімпазы Инновациялық Еуразия университеті Ректорының грантына ие болады.

 

Ұйымдастыру Комитетінің мекен-жайы:

Павлодар қ., Ломов к-сі, 45. «Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасы.

Анықтама телефоны:

8-747-32-32-300 – Ли Оксана Сергеевна;

8-705-443-94-89 – Шоклева Людмила Александровна;

8-705-146-28-82 – Умурзакова Анара Даукеновна.

E-mail: ineu_lio@mail.ru

Ақпараттық хатпен және өтінім нысанымен сіз мына жерде таныса аласыз.

ИнЕУ баспасөз қызметі
(ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша)