Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры 27 000 теңгеден 17 ай сайынғы студенттік стипендияларды ұсынуға конкурс жариялайды. » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры 27 000 теңгеден 17 ай сайынғы студенттік стипендияларды ұсынуға конкурс жариялайды.
22 января 2021

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры 27 000 теңгеден 17 ай сайынғы студенттік стипендияларды ұсынуға конкурс жариялайды.

Бағдарламаға қатысушылар: қазақстандық университеттерде бакалавриаттың 2-3 курстарында немесе магистратураның 1 курсында және интернатураның 1 курсында жаратылыстану, техникалық, медициналық және IT мамандықтары бойынша оқитын студенттер, 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары.

Гранттар саны: 17

Ш.Есенов атындағы стипендия конкурсына қатысу үшін үміткер:

  1. Қор сайтында онлайн-өтінімді толтыру– yessenovfoundation.org
  2. Өтінімге қоса беру:


Міндетті құжаттар:

  1. Жеке куәліктің сканы;
  2. «Мен Қазақстан ғылымы үшін не істедім және не істеймін? Сіз үшін не маңызды және неге?» (өтініш тек жазбаша түрде берілуі мүмкін);
  3. Студенттің Транскрипт (GPA орташа балы 3,0-ден төмен емес), 3,0-ден төмен баллы бар өтінімдер қарастырылмайды;
  4. Магистратура студенттері (бакалавр, маман) үшін жоғары білім туралы дипломның көшірмесі.

 

Қосымша құжаттар:

  1. Ғылыми сертификаттар / дипломдар-2 сертификаттан артық емес*;
  2. Әлеуметтік белсенділік және еріктілік сертификаттары – 3 сертификаттан артық емес*;
  3. Жарияланым-2 жарияланымнан артық емес*;

*Қор сертификаттардың лимиттелген санын қарайды. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

Өтінімдер Қордың сайтында 2021 жылғы 25 қаңтардан 26 ақпанға дейін қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 26 ақпанда сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен (GMT+6) аяқталады. Қабылдау мерзімінен кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының стипендиялық конкурсы туралы ережемен мына жерден таныса аласыз. 

ИнЕУ баспасөз қызметі