Қазақстанда алғаш рет! «Онлайн» репетиторлық сабақтар – тегін!
Құрметті ұстаздар, оқытушылар және мектеп және колледж түлектері!
Инновациялық Еуразия университеті талапкерлер үшін «ОНЛАЙН» режимінде Қазақстандағы жалғыз «Тегін хабарландыру тақтасын» ұсынады (talapker2020.kz).
Басты мақсат - отандық білім беру саласында «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру.
«Тегін хабарландыру тақтасы» (бұдан әрі ТХТ) қызметін іске қосу туралы шешім мектеп және колледж, университеттер түлектерінің оқуға түсуге дайындық үшін белгілі бір пәндер бойынша репетиторда жоғары қажеттілігіне байланысты қабылданды.
Сервис репетитормен айналысқысы келетін оқытушылар үшін де қызықты.
«ТХТ-ның» басты ерекшелігі - бұл оқытушылар мен оқушыларға бір-бірін табуға мүмкіндік береді.
Қазыбек Аблай, ИнЕУ маркетинг бөлімінің бастығы, жоба авторы:
«Біз әрқашан білім беру нарығын қадағалаймыз және өз клиенттеріміздің қажеттіліктеріне талдау жасаймыз. Бүгінде пандемия жағдайында бұл қызмет әсіресе өзекті. Бұл платформа болашақ талапкерлерге ЖОО-ға түсу мүмкіндігін арттырады, ал мұғалімдерге немесе оқытушыларға репетитормен айналысуды бастауға көмектеседі. Әр бір тілек білдірген адам, қазір біздің сайт talapker2020.kz қызметтерін пайдалана алады».
talapker2020.kz бөлімдері:
1. Бакалавриатқа түсуші талапкерлер үшін (1-баған).
2. Магистратураға түсуші талапкерлер үшін (2-баған).
Сайтты жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Осы сайттың көмегімен алынған барлық мәліметтер мүлдем анонимді және тек ИнЕУ маркетинг бөлімінің қызметкерлеріне ғана қолжетімді».
БІЗ қазақстандық білім беру үшін!
ИнЕУ әрқашан СІЗДЕРМЕН бірге!
ИнЕУ баспасөз қызметі
Маркетинг бөлімі