ИнЕУ «Smart HR: адами капитал - елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізі» аймақаралық ІІ НR-форумына қатысуға шақырады. » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ «Smart HR: адами капитал - елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізі» аймақаралық ІІ НR-форумына қатысуға шақырады.
21 мая 2019

ИнЕУ «Smart HR: адами капитал - елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізі» аймақаралық ІІ НR-форумына қатысуға шақырады.

Инновациялық Еуразия университеті «Smart HR: адами капитал - елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізі» аймақаралық ІІ НR-форумына қатысуға шақырады.
Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, 31 мамыр 2019 жыл.

Форум адами капиталдың дамуына қатысты мәселелерді талқылау және алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулер мен үздік әлемдік тәжірибеге негізделген адам капиталын дамытудың кешенді стратегиясын құруды ынталандыру үшін аймақтық алаң болуға негізделген.
Форумға кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, персоналды басқару бөлімдері, еңбек саласындағы мемлекеттік органдар, кәсіптік білім беру мекемелері, жұмыс берушілер қауымдастығы, жетекші компаниялар мен корпорациялар, кәсіпкерлер, кадрлық қызмет мамандары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдері, кәсіпкерлер, оқытушылар және студенттер қатысады.
Форум барысында пленарлық отырыс, панельдік бөлім, жастар үшін «Мансап» алаңы (түлектердің жәрмеңкесі) және оған қоса қосалқы 3 тренинг жұмысы өткізіледі. Тренингті Павлодар мен Нұр-Сұлтан қалаларының ғалымдары жүргізеді:

Тренинг 1: «Soft skills vs. Hard skills».
Тренер – Алиясова Анастасия Васильевна, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ИнЕУ-дің Ғылыми-ұйымдастыру жұмысы және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы

Тренинг 2: Үздіксіз білім беру принципі.
Тренер – Сарман Тулеубаев, «Болашақ» бағдарламасының Human resource management and training мамандығы түлегі, PhD докторы, CIPD level 7 сертификаты, М.Н.Нарықбаев атындағы ҚазГЗУ-нің кәсіби білім беру орталығының директорының орынбасары.

Тренинг 3: Байланыс басқару: Стрессті басқару.
Тренер – Кравцова Татьяна Маратовна. Инновациялық Евразия университетінің қауымдастырылған профессоры (доцент), психология ғылымдарының кандидаты, СМС-global сертификатталған кеңесшісі. #tm_kravsova

Форумға қатысу үшін сіз келесі парақшаға тіркеле аласыз: //ineu.edu.kz/ru/hrforum.
HR-форум бағдарламасы.
Өткізілетін орны: Казақтан Республикасы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 45, Инновациялық Евразия университетінің бас корпусы.
 

Байланыс мәліметтері:
Байгушкарова Айнаш
e-mail: umo1@ineu.kz
+7/7182/314238 (ішкі 104)