ИнЕУ және Павлодар облысының барлық колледждерінің студенттері! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ және Павлодар облысының барлық колледждерінің студенттері!
22 апреля 2021

ИнЕУ және Павлодар облысының барлық колледждерінің студенттері!

 

Сіздерді "ИнЕУ Ханшайымы - 2021"студенттік сұлулық байқауына қатысуға шақырамыз! Өтінімдер 30 сәуірге дейін қабылданады!


"ИнЕУ Ханшайымы - 2021" атағына ие болған жеңімпазын және "Ақылды Ару", "Сүйкімді Ару" номинацияларының иегерлерін бағалы сыйлықтар күтеді!

Әр көктемде Инновациялық Еуразия университетінде "ИнЕУ Ханшайымы" атты студенттік сұлулық байқауы өтеді. Биыл ол ИнЕУ-дің 30 жылдығына арналған.

Байқауға ИнЕУ және Павлодар облысының барлық колледждерінің күндізгі оқу бөлімінің студенттері қатыса алады.

Алғашқы үш тур онлайн форматта болады. Қатысушылар берілген тақырыптарға бейнероликтер ұсынуы тиіс:

💎 1 тур "Визитка" - бейнеролик (2 минутқа дейін) өзін таныстыру;
💎 2 тур "Шығармашылық" - вокалмен (3 минутқа дейін) немесе хореографиямен (2 минутқа дейін) бейнеролик;
💎 3 тур "Бейне" - қатысушы қандай да бір көркем суреттің кейіпкеріне айналады, оны бейнелеген суретші жайлы және алған бейнесі туралы айтады (мысалы, Леонардо Да Винчидің «Джоконда», Иван Крамскойдің «Неизвестная» және т.б.).

Барлық үш турдағы бейнероликтерді бір хатпен 30 сәуірге дейін e-mail-ға жіберіңіз: miss2021@ineu.edu.kz
Қатысушылар өздерінің бейнелерін ИнЕУ сайтында және әлеуметтік желілерде жариялауға келіседі.

Шешуші кезең Ломов, 45 бойынша ИнЕУ-дің үлкен залында өтеді:

💎 4 тур "Дефиле" - бал көйлектеріндегі дефиле;
💎 5 тур "Сұрақтар" - ИнЕУ тарихы бойынша сұрақтарға жауап береді (сайттағы жауаптар ineu.kz университет / Тарих бөлімінде).

Ұйымдастыру комитетінің нөмірі: + 7 705 731 79 46

ИнЕУ баспасөз қызметі