» » Туған күніңізбен, Айна Серікқызы!
25 января 2021

Туған күніңізбен, Айна Серікқызы!

«Инновациялық Еуразия университеті» ғылыми-білім беру консорциумының басшылығы мен ұжымы «Бизнес және басқару» кафедрасының профессоры, бизнес және іскерлік әкімшілік мектебінің директоры Нарынбаева Айна Серікқызын туған күнімен құттықтайды.


Құрметті Айна Серікқызы, Инновациялық Еуразия университетінің дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Біз сіздің кәсіби шеберлігіңізді, өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысыңызды және студенттермен тіл табыса білу қабілетіңізді жоғары бағалаймыз.

Сізге позитивті адам және жарқын тұлға ретінде мықты денсаулық, жаңа ғылыми жетістіктер, қабілетті студенттер, үлкен адам бақытын және отбасыңызға амандық тілейміз. Сіздің энергияңыз, мақсаттылығыңыз бен жаңа биіктерге жетуге деген ұмтылысыңыз сіздің жетістігіңіздің кепілі болсын!