Аса Құрметті Асхат Қанатұлы! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Аса Құрметті Асхат Қанатұлы!
14 июня 2021

Аса Құрметті Асхат Қанатұлы!

Инновациялық Еуразия университеті ұжымының атынан Сіздің туған күніңізге ең жылы құттықтаулар мен ізгі тілектерімізді білдіреміз!


Сіз - Қазақстан Республикасына жанқиярлық қызмет етудің үлгісісіз. Сіз Отанымыздың өркендеуінің іргетасы бола отырып, білім мен ғылымның қарқынды дамуы үшін зор күш-жігер жұмсап, айтарлықтай еңбек етудесіз.

Сіз өзіңіздің біліміңіз, күшіңіз бен тәжірибеңізді қазақстандық білім беру жүйесін жаңғыртудың ауқымды бағдарламаларын іске асыруға бағыттайсыз.

Сізге одан әрі жемісті жұмыс, денсаулық, амандық және барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз! Отандық білім беру жүйесінің игілігі үшін жаңа жеңістер мен жетістіктер көп болсын!

Инновациялық Еуразия Университетінің Ректоры
Анастасия Алиясова