ИнЕУ-дің ғылыми десанты » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ-дің ғылыми десанты
14 апреля 2022

ИнЕУ-дің ғылыми десанты

ЖОО-ның жетекші оқытушылары мен ғалымдары павлодарлық оқушылармен кездесті. Олар ғылымдағы жаңа бағыттарды, мəселелер мен зерттеулерді талқылады.

Жиын "Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша құрылым, безендіру, презентация" тақырыбында өрбіді.

Биология ғылымдарының кандидаты, ИнЕУ доценті Любовь Степановна Комардина жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастыру туралы, оқушылардың жобалау қызметіне қойылатын талаптар туралы жəне олардың құрылымы мен нәтижелерді таныстыру туралы айтып берді.
Химия ғылымдарының кандидаты, доцент Бауыржан Қырықбесұлы Дүйсеналин 2011 жылдан бастап өзі жетекшілік еткен Павлодар облысы мен Қазақстан Республикасындағы жыл сайынғы мектеп ғылыми жұмыстарының конкурстарына қатысқан химия, биология, экология, физика саласындағы мектептегі ең табысты жобаларын ұсынды. Ғылыми жобалар басшылығының қорытындысы бойынша жүлделі орындар (екі бірінші орын, екі екінші орын, бес үшінші орын) берілді.
Экономика магистрі Елена Ифутина ғылыми-зерттеу саласындағы нəтижелерімен, өткізілген ғылыми сынақтарды, жас ғалымдарға арналған қаржылай гранттарды жəне қазіргі таңдағы үздік жобаларды тізбектеді. Тренинг ИнЕУ студенттеріне мотивациялық тұрғыдан жақсы əсер еткені сөзсіз.

Айта кету керек, ИнЕУ ғылыми жаңалықтардың ашылуына əрқашан қолдау көрсетеді. Бұл ретте, тиісті барлық технологиялық жағдайлар қарастырылған.

ИнЕУ баспасөз қызметі