ИнЕУ ғалымдары қала мектептеріне барды » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ ғалымдары қала мектептеріне барды
12 апреля 2022

ИнЕУ ғалымдары қала мектептеріне барды

Оқушылармен кездесу ғылым саласының қызметкерлері күні қарсаңында өтті. Инновациялық Еуразия университетінде айтулы датаға орай бір апта бойы түрлі акциялар ұйымдастырылатын болады. Оның кейбір шаралары оқу мекемесінен сырт өтіп жатыр.

ИнЕУ ғалымдары оқушыларға қазақстан ғылымының дамуы, ауқымды жобалар және зерттеулер жайлы айтты. Айта кету керек, оқушылар кездесуге үлкен қызығушылық танытты.

ИнЕУ-дің баспасөз қызметі