ИнЕУ DIARKAZ жобасын одан әрі іске асыру үшін қаржыландыру алады » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ DIARKAZ жобасын одан әрі іске асыру үшін қаржыландыру алады
23 ноября 2021

ИнЕУ DIARKAZ жобасын одан әрі іске асыру үшін қаржыландыру алады

ИнЕУ DIARKAZ (Қазақстанда өнеркәсіптік автоматтандыру және роботтандыру саласында дуалды білім беру) жобасын одан әрі іске асыру үшін қаржыландыру алады. Жақында ЖОО мониторингтік топтың мақұлдауын алды.

DIARKAZ жобасы Еуроодақтың қаржыландыруымен "Erasmus+" жобасы аясында Қазақстанның үш жоғары оқу орнында жүзеге асырылуда. Грант алушы және жоба үйлестірушісі Нови-Сада университеті (Сербия) болып табылады.


Жобаның мақсатына қол жеткізілді – дуальді оқытуды енгізе отырып, Қазақстанда өнеркәсіптік автоматтандыру және роботтандыру саласында бакалавриат бағдарламасы әзірленді, енгізілді және ресми тіркелді.

8 қарашада Нови-Сада университеті мен Воеводина провинциясының Қаржы министрлігі (Сербия) DIARKAZ жобасын бірлесіп қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Министрлік жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде жобалық қызметті қаржыландыру үшін грантты бекітті.

DIARKAZ жобасының келесі кезеңі-Қазақстан кәсіпорындары, оның ішінде Павлодар облысы үшін Автоматтандыру және робототехника саласындағы болашақ мамандарды, студенттерді жаңа бағдарлама бойынша оқыту.

ИнЕУ баспасөз қызметі