» » Туған күніңізбен, Галина Захаровна!
12 января 2021

Туған күніңізбен, Галина Захаровна!

«Инновациялық Еуразия университеті» ғылыми-білім беру консорциумының басшылығы мен ұжымы «Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының профессоры Химич Галина Захаровнаны туған күнімен құттықтайды!


Құрметті Галина Захаровна, Инновациялық Еуразия университетінің дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз. 

Сіздің қызығушылықтарыңыздың көп қырлылығы мен кәсібилігіңіз, өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысыңыз, өз мамандығыңызға деген құлшынысыңыз, өзін-өзі ұйымдастырудың жоғары дәрежесі және өзіне деген талапшылдық, өміршеңдік және жұмысқа деген қабілеттілік қасиеттеріңіз Сізге үлкен жетістіктерге жетуге көмектесті, әріптестеріңіз тәнтті болып, шын жүректен құрметтейді. Сіз өз ісіңіздің кәсіпқойысыз, айналаңыздағылардың барлығын шығармашылық қуатпен қуаттайтын сенімді, әділ, әдепті және қайырымды адамсыз.

Сізге шын жүректен зор денсаулық, амандық, кәсіби қызметіңізге табыс және сізді жақсы көретін жақын адамдарыңыздың ортасында ұзақ, бақытты өмір тілейміз.