» » Туған күніңізбен, Әсел Рүстемқызы!
09 марта 2021

Туған күніңізбен, Әсел Рүстемқызы!

«Инновациялық Еуразия университеті» ғылыми-білім беру консорциумының басшылығы мен ұжымы «Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушысы Әсел Рүстемқызы Муминованы туған күнімен құттықтайды!


Құрметті Әсел Рүстемқызы, Сіздің консорциумның дамуына қосқан үлесіңіз, кәсіпқойлығыңыз, өзін-өзі жетілдіруге талпынысыңыз және Инновациялық Еуразия университетінің өміріне белсенді қатысқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Сізге шын жүректен зор денсаулық, жаңа идеялар мен жетістіктер, ең батыл жоспарларды іске асыру, жеке бақыт пен амандық тілейміз! Сіздің әр күніңіз студенттердің ізденімпаз көзқарастарымен, әріптестеріңіздің назары мен қатысуымен, жаңа ғылыми және шығармашылық табыстарымен атап өтілсін!