» » Құрметті 2021 жылғы түлектер!
03 декабря 2020

Құрметті 2021 жылғы түлектер!

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштер қабылдау басталды! Тіркеу 15 желтоқсанға дейін.

ТІРКЕУГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ:

  • Тіркелу үшін сайтқа кіру керек: https://ubt.testcenter.kz 
  • «Тіркеу» батырмасын басыңыз;
  • Электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз. Поштаға пароль және кіру сілтемесі келеді;
  • Сайтқа кіріңіз;
  • Өтініш беруші санатынан таңдаңыз: ағымдағы жылғы мектеп түлегі;
  • Төменде өзіңіздің ЖСН нөміріңізді теріңіз;
  • «Пайдаланушыны аутентификациялау» түймесін басыңыз;
  • Төменде сауалнаманы толтырыңыз (ол аутентификациядан кейін автоматты түрде жартылай толтырылады), міндетті түрде деректердің дәлдігін тексеріңіз!
  • «Тестілеуді тапсыру орны» бағанында Инновациялық Еуразия университетін таңдаңыз;
  • Соңында «өтінішті жіберу» батырмасын басыңыз;
  • Әрі қарай тестілеу үшін ақы төлеу керек.


Барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін сіз «сіздің өтініміңіз қабылданды» деген хабарламаны көресіз.

ҰБТ тапсыруда сәттілік тілейміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі