2018-жылдың17-қарашасы «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі және профессоры Хамзина Ш.Ш. және оқытушысы Ташпулатова А.М. 24 орта білім беру мектебінің қабырғасында өткен 11-сынып ата-аналары мен оқушыларының жиналысына қатысқан болатын
Бұл жиналыста Павлодар қаласының жоғары оқу орындарының С.Торайғыров атындағы Павлодарлың Мемлекеттік Университеттінің өкілдері және Иновациялық Еуразия Университетінің өкілдері өздерінің университеттері жайлы ақпараттарды таратып, қысқаша видео-ролик көрсеткен болатын.
«Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, профессор Хамзина Ш.Ш. және оқытушысы Ташпулатова А.М. 24- орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына Инновациялық Еуразия Университеті жайлы қызықты әрі жарқын қысқа фильм көрсетіп, университетіміздің факультеттері мен мамандықтарымен таныстырып өтті. Сондай-ақ 11-сынып оқушыларынан болашақ мамандығын таңдау жайлы сауалнама алды. Сауалнама барысында көптеген 11-сынып оқушылары Инновациялық Еуразия Университетінде білім алғысы келетіні жайлы жеткізді.
24- орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушылары мен ата-аналары Иновоциялық Еуразия Университетіне үлкен қызығушылық танытып, балаларының мектептен кейінгі таңдауына қатты алаңдайтынын айтып көптеген сұрақтар қойған болатын. Ата-аналар кафедра меңгерушісі, профессор Хамзина Ш.Ш. және оқытушысы Ташпулатова А.М. әңгіме барысында өздерін мазалап жүрген көптеген сұрақтарға жауап алғандарын айтып алғыстарын білдірді.
Автор- преподаватель кафедры
«ЭиХт» Ташпулатова А.М.
ИнЕУ -дің баспасөз қызметі