Версия для печати

Болашақ буын заңгерлерінің көзқарасы

Рейтинг
(0 благодарность)
Опубликовано в: Жаңалықтар

IMG-20160415-WA0014«Құқықтану» мамандығының Ю-302, Ю-301 тобының студенттері Махаббат Иманкулова мен Әлия Жанұзақ «Қазақстанда құқықтық дауларды реттеу үшін татуластыру рәсімдерінің қалыптасуы мен дамуының келешегі» тақырыбындағы үздік эссе конкурсының жеңімпазы атанды.
Конкурсты Павлодар қалалық сотының оқу орталығы базасында Жас судьялар кеңесі өткізді. Сараптамалық кеңес құрамына Павлодар қалалық сотының судьялары, Адвокаттар алқасы және Медиаторлар ұлттық палатасының өкілдері, сонымен қатар ЖОО оқытушылары, эссе жазған студенттер кірді.

Шығарма жазу оңай емес. Алайда біздің студенттеріміз ұсынылған тақырыпты өздерінің қалай көретінін сауатты баяндап, қазіргі даму тенденцияларына сүйене отырып, оны дәлелдей алды, сондай-ақ қоғамдық тәжірибеден алынған фактілерді келтірді.

IMG-20160415-WA0013 IMG-20160415-WA0009

Марапаттау рәсіміне Павлодар қалалық сотының төрағасы Талғат Тағажай және Павлодар облыстық сотының судьясы, бітістіру рәсімдерінің үйлестірушісі Гульнар Джаппарова қатысты. Олар Махаббат пен Әлияға жеңімпаздар грамоталарын табыс етті және жаңа жеңістер мен кәсіби қызметте танылуды тіледі.


Татьяна Смирнова,
«Құқық, тарих және әлеуметтану» департаментінің
аға оқытушысы

Читать 906 Время
Обновлено Вторник, 19 Апрель 2016 16:54

Последнее от Шынар Байжекина