Ошибка
  • Ошибка при загрузке компонента: com_media, 1


ИнЕУ Новосибирскіде медиафорумда

Рейтинг
(0 благодарность)
Опубликовано в: Жаңалықтар

image-12-04Инновациялық Еуразия университеті ректор Марат Асылбекович Баяндин бастап, Новосибирск мемлекеттік университетінде өткен «Сібір-Еуразия» халықаралық медиафорумына қатысты.
Ауқымды форум «Аймақаралық және шекаралас ынтымақтастық пен еуразиялық интеграция механизмдерінің өзекті форматы» жобасын іске асыру шеңберінде өтті.

Кездесуге ТМД елдерінің түкпір-түкпірінен аспиранттар, студенттер, магистранттар, сонымен қатар белгілі оқытушылар қатысты. Медиа саласындағы жетекші мамандар қонақтар үшін шеберлік сыныптар мен тренингтер өткізді. Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Азербайжанның халықаралық қатынастар, журналистика және бұқаралық коммуникация саласындағы сарапшылар сөз сөйледі.

image-12-04-16-10 28-1 image-12-04-16-10 28-3

Дөңгелек үстел басында ТМД елдерінің заманауи медиасындағы интеграциялық процестерді, Ресей мен Қазақстанның ақпараттық кеңістігін айқындауға қатысты жаһандық проблемалар талқыланды.
«Сібір-Еуразия» медиафорумға қатысу ҚР БҒМ өкімімен жаңадан енгізілген «Медиапедагогика» пәні бойынша материал құрылымдауға мүмкіндік берді. Ақпараттық технологиялар саласындағы мұндай тығыз ынтымақтастық ортақ күш-жігерді бір жүйеге біріктіруге мүмкіндік туғызады.

 

 

Анастасия КАЗАНЦЕВА,
педагогика және спорт департаментінің аға оқытушысы,

Валерия СЕРГЕЕВА,
педагогика және спорт департаментінің директоры,
Анастасия ПРОСКУРИНА-ТКАЧЕВА,
Инженерлік академияның қабылдау және әлеуметтік жұмыс жөніндегі продеканы

 

Читать 635 Время
Обновлено Пятница, 15 Апрель 2016 12:54

Оставить комментарий

Убедитесь, что вы вводите (*) необходимую информацию