Версия для печати

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі туралы дәріс

Рейтинг
(0 благодарность)
Опубликовано в: Жаңалықтар

IMG 9369 984x776ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Максут Ибраевич Утешев ИнЕУ студенттері мен магистранттары үшін кадрлық қызметті дамыту мәселелері бойынша VIP-дәріс өткізді.  
Дәрісті студенттермен бірге департамент оқытушылары да тыңдады. Максут Ибраевич өз сөзін мемлекеттік қызметтің жаңа моделі туралы айтудан бастады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің карьералық моделіне көшуге арналған құқықтық негіз Заңмен белгіленді.

Максут Утешев қазіргі кезде мемлекеттік қызметте қолданылып жатқан өзгерістер туралы, сонымен қатар оның іс-әрекеті мен даму кезеңдері жайлы айтты. Дәрісте болашақ мамандардың мемлекеттік қызметке жұмысқа қабылданған кезде тап болатын негізгі проблемалар толық талқыланды. Мемлекеттік қызметші болу оңай емес. Максут Ибраевич студенттерге үш кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өту керектігін хабарлады, олар: заңдарды білуіне тестілеу, сәйкес автоматтандырылған тестік бағдарламаның көмегімен жеке қасиеттер мен базалық құзыреттерді бағалау, ал қорытынды кезеңде үміткерлерді бейіндік білімі бойынша мемлекеттік органда конкурстық сұхбаттасу күтеді.

IMG 9364 984x1054

Мемлекеттік қызметке алғаш түскендерге тәлімгер бекітіліп, 3 айдан 6 айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.
VIP-дәріс танымдық болды және дәстүрлі емес формада өтті: болашақ экономистер, қаржыгерлер, менеджерлер сұрақтар қойып, білікті жауаптар алды.
«Экономика және менеджмент» департаментінің ұжымы болашақ түлектерімізге арналған мазмұнды дәріс өткізгені үшін Максут Ибраевичке алғыс айтады.

 

 

Жанат Алтайбаева,
Дана Бекниязова,
"Экономика және менеджмент" департаменті

Читать 710 Время
Обновлено Пятница, 15 Апрель 2016 09:44

Последнее от Шынар Байжекина