Неліктен голландиялықтар төрт тілде еркін сөйлейді?

Рейтинг
(0 благодарность)
Опубликовано в: Жаңалықтар

Голландиялық тарихшы Риа ван дер Плюх ИнЕУ-дің Инженерлік академиясының бірінші курс студенттерімен кездесті. Риа көп жылдан бері волонтерлық қызметпен айналысады. Қазір ол «Самал» оңалту орталығында жұмыс жасайды.
Риа ван дер Плюх волонтёрлық – оның негізгі миссиясы деп санайды. Оның бүкіл өмірі дерлік Амстердамда өтті, онда да ол мүгедектерге арналған орталықта жұмыс істеді, ал бес жыл бұрын зейнеткерлікке шығып, ондағы өмір қымбат болғандықтан, жолдасымен бірге Германияға көшіп келеді.

ineu-gollandci

Студенттер қонаққа сұрақтарды жаудырды. Олар шетелде волонтерлық қызметтің қаншалықты дамығанын білгілері келді, себебі бұл – Қазақстанда кең таралмаған құбылыс. Риа осынша білім алушыларды көруді және өзіне деген қызығушылықты күтпегенін мойындады.

Студенттер қонақпен қазақ халқының ұлттық тағамдары, еліміздің салт-дәстүрлері туралы әңгімелесті. Кездесу ағылшын тілінде жүргізілсе де, бірінші курс студенттері «күңгірттеніп көрінген» жоқ, қайта керісінше әңгіменің не жайлы екенін түсініп қана қоймай, шетел тілінде сөйлесті. Өз тарыпан Риа төрт тілді – голланд, ағылшын, неміс және француз тілдерін білетінін айтты, сондай-ақ ол орыс және испан тілдерінде де аздап ойын білдіре алады. Тарихшының айтуы бойынша, кез келген голландтық төрт тілде еркін сөйлейді. Студенттердің реакциясын көргенде, бұл шағын елдің экономикалық гүлденуі үшін қажет екенін түсіндірді. Олардың білім берудің тиімді жүйесі бірінші сыныптан бастап бүкіл төрт тілді үйренуге мүмкіндік береді.
Кездесу қызықты әрі пайдалы болды: студенттер өздерінің ағылшын тілдерін іс жүзінде көріп, елімізден тысқары жердегі өмір туралы көп дүниелерді білді.
- Мұндай кездесулер әлемді басқаша көруге мүмкіндік береді, өмір құндылықтары жайлы ойлана бастайсың және бұрынғыдан да жақсы болғың келеді,- деп, бірінші курс студенттері ойларымен бөлісті.  

 


Елена Азарова,
ИнЕУ-дің ағылшын тілі орталығы (ECI)

Читать 461 Время
Обновлено Четверг, 14 Апрель 2016 17:26

Оставить комментарий

Убедитесь, что вы вводите (*) необходимую информацию