Версия для печати

Ксения Окатенко: «Осы жеңісімді сүйікті университетіме арнаймын»

Рейтинг
(0 благодарность)
Опубликовано в: Жаңалықтар

IMG-20160406-WA0020ИнЕУ Халықаралық спорт күнін баскетбол, волейбол және футбол бойынша командылық ойындармен атап өтті. Бұл күні ФКиС-402 тобының студенті, пауэрлифтингтің бүкіл атағын алған королева Ксения Окатенко ИнЕУ қоржынына тағы бір награда – алтын медаль мен чемпион атағын қосты.
Пауэрлифтингтен ҚР чемпионаты 2-8 сәуір аралығында Алматыда өтті. Ксенияның Азия чемпионы, Әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері титулдары бар. Өз атағын тағы бір мәрте растады.

- Биыл ИнЕУ 25 жылдық мерейтойын атап өтеді, сондықтан мен осы жеңісімді сүйікті университетіме арнаймын, - деді Ксения Окатенко.
Ал ИнЕУ спортзалында бұл кезде ИнЕУ және Мичурин командалары баскетболдан жолдастық ойында кездесті. Ойын 47:46 есебімен балалар үйі командасының пайдасына аяқталды.

20160406 1444491 20160406 1455541

Балалар ойынға риза болды және дипломдар мен сыйлықтар ғана алып қойған жоқ, тамаша көңіл күй мен оң эмоцияға бөленіп кетті. ИнЕУ құрама командасы тәжірибесімен де, ... бойларымен де қарсыластарынан басым болғандықтан, бұл ойында, әрине, тәлімгер ретінде өнер көрсетті. Біздің баскетболшылар – қабілетті ойыншылар, бір ай бұрын олар қалалық спартакиаданың чемпиондары болды.

20160406 1453071

Бұл күні тағы командалық екі ойын өтті. Волейболдан ИнЕУ құрамасы өз алаңында Павлодар экономикалық колледжінен келген қонақтарды қабылдаса, футболшылар командасы «Medex» спортшыларымен тартысқа түсті.
Біздің спорттық база университет қонақтарына жақсы әсер қалдырды. ИнЕУ-дегі спорт мерекесі тәжірибе алмасу алаңы болды. Қонақтар іс-шараның жақсы ұйымдастырылғанын атап өтіп, біздің спортшыларға жаңа табыстар тіледі.

 

ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

Читать 594 Время
Обновлено Пятница, 08 Апрель 2016 10:40

Последнее от Шынар Байжекина