МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА

Рейтинг
(0 благодарность)
Опубликовано в: Жаңалықтар

Жаңа жыл жақындап қалды! Бұл сиқырлы мерекені қарсы алуға Инновациялық Еуразия университетінің оқытушылары мен студенттері жаппай дайындалады. Жаңа жылды күтуде біздің университет әдемі күйге еніп, түрлі-түсті болып арайлана түсті.
Бас корпустың алдында қардан соғылған Аяз ата, Ақшақар және 2015 жылдың нышаны Қойдың мүсіні тұр. Кешкі уақытта жаңажылдық иллюминациялармен ағаштар жарқырайды.

novogodnie ukrasheniya 1novogodnie ukrasheniya 2

Инженерлік академияның студенттері оқу аудиторияларын безендірді. Әр кабинет өзінше дәстүрлі және креативті түрде безендірілген. Әшекейленген шыршалар, жылтырақтар, көптеген ақ қар бүршіктері және де Аяз Ата мен Ақшақар.
Вс-402 тобының студенттері ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады, керемет аққаланы «Машина жасау» мамандығының үшінші курс студенттері жасады, МТП-402 тобының студенттері кабинеттерді мультфильм кейіпкерлерімен безендірді. Энергетика және металлургия департаментінің студенттері төртінші қабатты жаңажылдық ертегіге айналдырды.

novogodnie ukrasheniya 3novogodnie ukrasheniya 4

Жалпы барлық жерде, бас ғимараттың кафедраларында, аудиторияларында, үзіліс арасында және дәліздерінде де мерекелік көңіл күй орнады. Барлығы маңызды шаруаларымен: оқытушылар-емтихан материалдарын дайындаумен, пәннің оқу-әдістемелік кешенін жинақтаумен, тізімдемелерді толтырумен, ал студенттер курстық жұмыстарды қорғаумен, босатылған сабақтарды өтеумен, рейтинг балдарын көтерумен айналысты.
Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен! Барлықтарыңызға қысқы сессияда сәттілік тілейміз!

Динагуль АЙГУМУСОВА,
Оксана ЕРМАКОВА,
энергетика және металлургия департаменті
Фото авторлардан
Аударған: Қазақ тілі орталығы

Читать 2246 Время
Обновлено Понедельник, 05 Январь 2015 09:13

Оставить комментарий

Убедитесь, что вы вводите (*) необходимую информацию