ИнЕУ магистранттары ОмГА-да ғылыми тағылымдамадан өтті

Рейтинг
(0 благодарность)
Опубликовано в: Жаңалықтар

stazhirovka omsk 1Инновациялық Еуразия университетінің бизнес, білім және құқық академиясының магистранттары Омск гуманитарлық академиясында (Омск, Ресей Федерациясы) әр магистранттың ғылыми-зерттеу қызметінің жеке жоспарында қарастырылған ғылыми тағылымдамадан өтіп келді.
Мұндай іс-шараларды ұйымдастыруда Омск гуманитарлық академиясының тәжірибесі мол және ол Павлодар аймағының дамуында стратегиялық маңызы бар көршілес Омск облысында орналасқан.
Магистранттар тағылымдаманы «Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс», «Басқару, саясат және құқық», «Информатика, математика және жаратылыстану пәндері» кафедраларында өтті.

Омск жерінде болған бірінші күні магистранттар Омск гуманитарлық академиясымен, оның кітапханасымен танысты, академия және бейіндік кафедралардың басшылары: халықаралық қызмет жөніндегі проректор, кафедра меңгерушісі, э.ғ.д. О.Ю. Патласовпен, профессор, оқу жұмысы, ақпараттық технологиялар және қашықтықтан оқыту жөніндегі проректоры Э.Б. Хвецковичпен, қосымша кәсіби білім беру жөніндегі проректор С.Н. Рягинмен, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор С.М. Ильченкомен кездесті.
Сол күні магистранттарға қаланың көрнекі жерлері бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар Сібірдің қаланың аумағы жағынан Новосибирскіден кейін екінші орын, ал өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі бойынша Ресейде төртінші орын алатын Омск көшелерінің әдемілігі мен кеңдігін тамашалады.
Омск қ. «СДМ-банк» коммерциялық банкі филиалының директоры Ю.П. Карючин павлодарлықтарға Ресейдегі банк жүйесінің дамуы туралы дәріс оқыды. Біздің магистранттарымыз ресейлік экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың салдарлары жайлы пікірталасқа жақсы қатысты. Өтімділікті, кредит төлеуге қабілеттілікті көбейту мәселелеріндегі ресейлік компаниялар мен қаржы институттарының тәжірибесі магистранттарымыздың ғылыми диссертацияларында практикалық қолданыс табады.

stazhirovka omsk 2-1 stazhirovka omsk 2-2

Тағылымдама бағдарламасының шеңберінде «Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының меңгерушісі пед.ғ.д., профессор С.Н. Рягин «Тұлға аралық қарым-қатаныстардың ерекшеліктері», «Білім беруді зерттеудің жүйелік тәсілі», «Психологиялық-педагогикалық диагностика» тақырыптарында, э.ғ.к., доцент С.М. Ильченко «Инновациялық менеджмент», «Мемлекеттік шешімдерді қабылдау және орындау», «Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару» «Кәсіпорындағы бух. есеп және талдау»; «Информатика, математика және жаратылыстану пәндері» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Э.Б. Хвецкович «Экология», «Қалалар экологиясы», «Қоршаған орта жағдайын биологиялық бақылау»; п.ғ.к., доцент Л.Г. Карпова «Өзін-өзі дамыту тренингі» тақырыбында дәріс өткізді. Сонымен қатар әдіснамалық семинар өткізілді, онда магистранттар ғылыми мақалаларды ресімдеуге қойылатын талаптармен танысты.
Тағылымдама соңында ИнЕУ магистранттары академия, оқытушылар туралы және айтулы Омск қаласы жайлы әсерлерімен бөліскен конференция өтті. Оларға салтанатты түрде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттар табыс етілді.

Светлана ЗОЛОТАРЕВА,
 ғылым және инновациялар жөніндегі продекан,
ИнЕУ-дің бизнес, білім және құқық академиясы
Аударған: Қазақ тілі орталығы

Читать 1768 Время
Обновлено Четверг, 25 Декабрь 2014 09:52

Оставить комментарий

Убедитесь, что вы вводите (*) необходимую информацию