БАЛАБАҚШАДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Рейтинг:   / 7
ПлохоОтлично 

А.А. Тукенова, қазақ тілі мұғалімі
№ 126 сәбилер бақшасы (Павлодар қ.)
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бiз осы мақалада мектеп  жасына дейiнгi балалардың қазақ тiлiнiн үйрену саласындағы мүмкiндiгiн анықтаймыз, олардың сөйлеу қызметінің дамуына акцент жасай отыра, мектеп жасына дейiнгi балаларды қазақ тілге ойын түрінде  үйретудің негізгі мақсаттары мен міндеттерін ашамыз.

The report reveals the abilities of preschool children in the sphere of foreign language learning, covers the main purposes and tasks of teaching the Kazakh language in game form with the stress on speech activity. Some details are given about the problem of visual teaching means development.

Ойын - бұл психология және философия сияқты бiлiм беру салаларында егжей – тегжейлі қаралатын феноменді адами оқиға. Педагогикада және білім беру әдiстемесiнде мектеп жасына дейiнгi балалардың ойындарына аса көңіл бөлінеді (Н. А. Короткова, Н. Я. Михайленко, А. И. Сорокина, Н. Р. Эйгес және басқалары). Бұл – педагогтардың ойынды, атап айтқанда мектеп жасына дейінгі балалар үшін оқытудың маңызды әдісі ретінде қарастыруымен байланысты.
Біздің замандағы алдыңғы қатарлы ұстаздар (П. П. Блонский, Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин және басқалар) мектеп жасына дейінгі балалардың ойын қызметі бойынша арнайы зерттеулердің бірқатарын жүзеге асырды.
Ойын технологиясы балаларды оқу жұмысымен қызықтыруға, әртүрлі қарым – қатынас режимдерін, жұппен және топпен жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі. Ойын технологиялары қазақ тілін оқыту әдістемесінде белсендi оқыту нысанына жатады.
Ойын технологиялары шығармашылық – іздестіру деңгейіндегі балалардың жұмыстарын ғана емес, қазақ тiлiн зерттеу бойынша күнделiктi қадамдарды қызықты етуге ықпал ететін, бірегей оқыту нысандарының бірі болып табылады. Ойынның шартты әлемiнің қызықтылығы есте сақтау, қайталау, бекiту немесе ақпаратты меңгерудің жақсы бейнеленген бiр қалыпты қызметінің эмоционалды болымды жағын көрсетеді, ал ойын әрекетiнiң эмоционалдылығы баланың барлық психикалық процестері мен қызметін қарқындатады. Ол бiлiмді жаңа жағдайда пайдалануға, яғни балалардың меңгеретін материалдарын өзіндік тәжiрибеден өткізуге,  оқу процесiнде әр түрлiлiктi және қызығушылықты тудыруға мүмкiндiк беретін ойынның екінші жағымды жағы  болып табылады.
Қазiргi заманда бала заманауи ақпаратты бойына сіңіргендіктен, ойынның маңыздылығы артуда. Барлық әлемде, Қазақстанда да пәндік – ақпараттық орта әлдеқайда кеңеюде. Сабақта және бос уақытта алған білімдерін практикада пайдалануға мүмкіндік беретін дидактикалық ойын оқыту нысанының бір түрі болып табылады.
Ойын – бұл бала үшiн табиғи және оқытудың ізгілікті нысаны.  
Біз балаларды ойын арқылы оқыта отыра, бізге, ересектерге оқу материалын беру қолайлы болатындай емес,  балаларға ыңғайлы болатындай және оны табиғи түрде алатындай оқытамыз.
Қазақ тілін оқып - үйрену кезінде лексикалық тақырыптар бойынша мектепке дейiнгi балалардың сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеуді дамыту зерттеудің объектісі болып табылады.
Қазақ тілінің баланың тілін, танымдылығы мен   коммуникативтік қабiлеттілігiн дамытуға оң әсер ететін, баланың тілді, сөйлеуді жақсы меңгеруге көмектесетінін ұсынылған кестеден көруге болады. Мектеп жасына дейiнгi балада логикалық ойлау, өзінің жолдастарымен өзара қарым – қатынас жасай білу қабілеті дамиды, ой - өрісі кеңиді.
Педагогикалық ойын технологиялары
Ойын бұл оқыту әдiстері сияқты, аға ұрпақтардың тәжiрибесін кiшiлерге беру ежелгi заманнан бері қолданылып келеді. Халық педагогикасында мектепке дейiнгi мекемелерде ойын кеңінен қолданылады. Аталмыш жағдайларда ойын қызметі :
• ұғымды, тақырыпты және оқу пәнінің бөлімін меңгеру үшін дербес технологиялар ретінде;
• анағұрлым көлемдi технология элементтері (кейде өте маңызды) ретiнде;
• сабақ немесе оның бөлігі ретiнде (кіріспе, түсiндiрме, бекiту, жаттығу, бақылау) қолданылады.
Жалпы педагогикалық ойынның ойындардан айырмашылығы - оқытудың нақтылы қойылған мақсатының және оған сәйкес негізделген, айқын түрде бөліп көрсетілетін педагогикалық нәтиженің болуымен маңызды белгiге ие болады және оқу – танымдылық бағыттылығымен сипатталады.
Оқу үрдісіндегі ойын технологиясының рөлін және орнын, ойын элементтерінің байланысы мен оқу – жаттығуларды анықтау көбінесе ұстаздардың педагогикалық ойындардың қызметі мен жіктеуін  түсінуіне байланысты.
Ойын ортасы ойын технологиясының ерекшелігін  елеулі дәрежеде анықтайды: ойынды заттармен және заттарсыз, столға қоятын, бөлме, көше, белгілі бір жерде, компьютер және ТСО - мен, сонымен бiрге жылжымалы әр түрлi құралдармен танып бiледi.
Әлбетте, мектепке дейiнгi тәжiрибеде сабақты ойын нысанына қалай түрлендіруге болады?  Мұнда нысандар көп, бiрақ аталмыш шарттардың орындалуы мiндеттi:
1)    сабақтың мақсаттарына ойынның сәйкестiгi;
2)    осы жастың балалары үшiн қол жетiмдiлiк;
3)    сабақта ойындарды орынды қолдану.
Одан басқа, тақырып шеңберiнде төмендегідей оқу түрлерін ерекшелеуге болады:
1)    сабақтағы рөлді ойындар (сахналау):
2)    оқу үрдісінде ойын тапсырмаларын пайдаланумен ойын ұйымдастыру (жарыс сабақ, конкурс сабақ, саяхат сабақ, КТК сабағы).
3)    ойынды сабақтың белгілі кезеңінде қолдану (басында, ортасында, соңында; жаңа материалмен танысу, бiлiмдерін бекіту, дағдысын, іскерлігін, қайталау мен игергенді жүйелеу).
Тапсырмалар, жаттығулар және сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар
Сөйлеуді дамыту балалық шақта ортақ психикалық дамудың ең маңызды аспектiсi болып табылады. Сөйлеу қызметі баланың айналаны қоршаған адамдармен қарым-қатынасы барысында меңгеретін, тiл арқылы жүзеге асырылады.
Өлеңдерді жаттау сөздердің байланысын, оның мәнерлілігін дамытуға ықпал етеді, баланың активті және пассивті сөздер қорын молайтады, өздігінен ауызша еске сақтауын дамытуға көмектеседі.
Жаңылтпаштар
Жаңылтпаш - мәнерлi сөздi дамытудың тиiмдi құралы. Олар дұрыс және айқын артикуляция дағдысын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік бередi, сөздiң жатықтығын және қарқынын жетiлдiреді. Жаңылтпаштар балалардың назарын және еске сақтауын дамыту үшін қолайлы материал қызметін атқарады.
 «Сөздермен» ойыны.
«Сөзде» ойыны баланың лексикалық қорын молайтады, қажеттi сөздерді тез табуға үйретеді, пассивті сөздiкті активтендіреді. Көптеген осындай ойындарды тапсырманы орындаған (мысалы, 3-5 минут)  уақытты шектеумен жүргізу ұсынылады. Бұл ойынға жарыс қозғамын кіргізуге және оған қосымша құмарлық беруге ықпал етеді.
«Сөздi толықтыр»
- Бастаушы сөздiң бiр бөлiгi атайды (қо...)  және допты лақтырады. Бала допты ұстап алуы және сөздi толықтыруы (... ян) керек
Бастаушы рөлінде бала мен ересек адам кезекпен шығып тұруға болады.
- Ұсынылған әріптер жиынтығынан неғұрлым көп сөз құрастыру:
Б Л А Қ Ш А Б А А
Мысалы: бала, бақша, бақа, лақ....
- Сөздердi қарама-қарсы мағынасы бойынша айту: аш - жап, отыр - тұр...
«Кiм көп атайды»
Бiрнеше пәндiк суреттер таңдап алынады. Балаға заттарды атау ұсынылады.
 «Аударып қойылған сөздер»
Балаға орындары ауыстырылған әріптерге сөздер теру ұсынылады.  Сөздердің қалыпты тәртiбін қалпына келтiру керек.
Мысалы: мала - алма, ирсы - сиыр
«Буындардан - сөздер»
Алдын ала таңдап алынған сөздерден буындардың бiрнеше блоктары қалыптастырылады.
Балаға олардан әр буынды бір рет қолданумен  анықталған сөздер санын құрастыру ұсынылады.
Сөздердің жартысын біріктіру
Бұл тапсырма төмендегiдей құрастырылады: сөздер екі бөлікке бөлінеді. Содан соң алғашқы жартысы жеке  - жеке сол бағанға, ал екіншісі – оң жаққа жазылады. Балаға осы екі жартыларды толық сөз шығатындай етіп біріктіру ұсынылады.

Ал дық
Тере кі
Орын мұрт
Түл біз
Сә зе
Дәп қы
жыл тер


   

   

   

   

   

   

Есте сақтауды дамытуға арналған тапсырмалар, жаттығулар, ойындар
Есте сақтау барлық басқа психикалық процестер сияқты мектепке дейiнгi жаста маңызды өзгерiстерге төзеді. Олардың мәні -  баланың есте сақтау қабілеті саналы және жанама түрде реттеле отыра, біртіндеп  ерікті болады. «Осы жаста есте сақтау саналы болады».
Жұмбақтар, сөзжұмбақтар
Жұмбақтар көркем және  логикалық ойлауды дамытуға, маңызды белгiлердi ерекшелей және салыстыра білуге көмектеседi, ой - өрісінің жылдамдығын және икемдігін, ұғымталдық, өзіндік шешiмдерді табу қабiлеттiлiгін жаттықтырады.
Артығын алып таста
Кез келген 3-5 сөз алынады, мысалы, (алма, алмұрт, қияр). Қандай да ұқсастығы бар сөздерді ғана қалдыру керек.
Сөйлемді аяқта
Балаларға кез келген сөйлемнің басы ұсынылады.Мысалы,«Күз келді.Жапырақтар ...».
Жеке сөздерді қолданумен сөйлем құрастыр
Балаларға жеке сөздер ұсынылады. Мысалы: әдемі, үлкен, балабақша. Осы сөздерді қатыстыра отыра, сөйлем құрау керек.
Балабақшада оқыту мен тәрбие беру деңгейi педагогикалық үрдістің баланың жасы мен жеке дамуының психологиясына қаншалықты бағытталғандығымен елеулі дәрежеде анықталады. Бұл әрбір баланың дамуын, шығармашылық қабілетінің  жеке нұсқаларын анықтау, оның меншікті позитивтi белсендiлiгін күшейту, оның жеке тұлғасының қайталанбайтындығын ашу,  сабақта артта қалған немесе қанағаттанарлықсыз мiнез-құлық танытқан кезде, жаңаша көмек көрсету мақсатымен барлық оқу кезеңі бойына мектепке дейінгі балаларды психтлогиялық – педагогикалық зерделеу болжанады.  
Бұл әсiресе, жаңа ғана адам мақсатқа сай оқуды бастағанда, оқу жетекші жұмыс қызметін атқарғанда, баланың психикалық қасиеттері мен сапасы, танымдылық үрдістері (танымдылық дәлелдер, өзін - өзі бағалау, ынтымақтастыққа қабілеттілік және т. б.) және ең алдымен таным субъектісі ретінде өзінде қарым – қатынас қалыптаса бастаған мектепке дейiнгi жаста маңызды.
Осыған байланысты ойын технологияларын әзірлеуде
Ойын технологиялары әзiрлемелерiнде өзектілік туындайды.
Балалар ойын қолданылмаған кездегі материалдан,  ойын қызметі процесінде игерілген материалдарды аз дәрежеде және баяу ұмытады. Бұдан,
Бұл мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн оқу процесiнде ойынға қатысудың арқасында білімді игеру анағұрлым сапалы және мықты болатын, таным процесін қол жетімді және қызықты етіп жасайтын қызығылықты табиғи байланыстырумен түсіндіріледі.
Дидактикалық ойындар қазақ тілін оқытуға бағытталған әдiстемелiк тәсiлдерді қолданумен  жаңа материалды зерделеудің барлық сатысында танымдылық қызметті  қарқындататынын зерттеу көрсеттi.
Сабаққа енгізу үшін ойынды таңдау немесе оны ойлап табуда келесі  ережелердi қолдану керек.
1. Ойынғы кіріспес бұрын, төмендегі сұрақтарға жауап берiңiз:
Ойыннның мақсаты не, онда бала неге үйренеді?
Ол қандай сөйлеу әрекетін орындауы керек: әрекеттердің бірі сөзбен немесе сөз жасау – онда, атап айтқанда, қайсысы және қандай үлгі бойынша?
Бала осындай пікір құра ала ма, онда қосымша қиындақтыр «су астындағы тастар» жоқ па?
Осы сұрақтарға жауап бере отыра, өзіңіз балаға айналып көріңіз және осы үлгі бойынша пікір айту қандай қызықты жағдайда туындайды.
Бала оны бірден түсінетіндей етіп балаға осы жағдайды қалай суреттеу керектігін ойла.
Өзіңіз баламен рахаттана ойнаңыз!

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Амонашвили Ш.А. В школу с шести лет. М., 1986
2. ВенгерЛ.А. Восприятие и обучение (дошкольный возраст) 1969
3. Новоселова С.Л. Игра дошкольника. – М. Просвещение. – 1989
4. Игра – это серьезно. / Дошкольное воспитание – 2003
5. Развивающие игры. / Обруч – 2003
6. Швайко Г.С. Игры и игровые упражнения для развития речи: Книга для воспитателя детского сада / М.: Просвещение, 1988