ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ПЕДАГОГИКАСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ МЕН ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ТЕХНИКАСЫНА САЙ ТАПСЫРМАЛАР ҚОЛДАНЫЛАТЫН БИОЛОГИЯ САБАҒЫ

Рейтинг:   / 1
ПлохоОтлично 

Исабаева Г.Т., биология пән мұғалімі
ММ «№ 21 жалпы орта білім беру мектебі» (Павлодар қ)
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 Біліп қана қойған аз, оны пайдалана білу қажет,
 Қалап қана қойған аз, жасау қажет.
 Иоганн Вольфганг Гете.

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр

В статье рассматривается проблема подготовки учащихся соответсвующих международному уровню – как основной идеи национальной модели системы образования. В данное время перед педагогом ставится цель –создание условий для развития личности в условиях обучения технологии

The article considers the problem of training of students corresponding to the international level as a basic ideas of national model of education. In this time before the teacher sets the task of creating conditions for the development of personality in the conditions of learning technologies

Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді:
-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;
-пәнге деген қызығушылығын арттыру;
-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;
 тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру;

Негізгі ұстанымым – жеке тұлғаның өзін тану, өзін анықтау жолдарында оқу және дамудың тиімді жағдайын туғызу, әр оқушыны шығармашылық жұмысқа негіздеу, биология сабағында жеңілден ауырға, жақыннан алысқа қағидасын басшылыққа алып, жалпы орта мәселелерді шешуге мүмкіндік жасау, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру.
Педагогикалық процесте білім берудің басты мақсаты адам бойындағы басты құндылықтарды жетілдіру.
Ғылымда мәлім, мақсат - болжанатын, алдын – ала жоспарланған қызметтің қандай да бір нысананы жаңарту бойынша нәтижесі. Педагогикалық қызметте жаңарту нысананы білім алушының қызметі, ал нәтижесі – білім алушының оқытылу, даму және тәрбиелік деңгейі болып оқыту мен білімнің мақсаттарына сәйкес қойылады және оқыту сабақта дайын қорытындыларды оқушыларға жай ғана беру кезіндегідей біріктіріле алмайды. Сабақ мақсаты осылайша қойылмайды[1].
Заманауи мектептегі сабақтың мақсаты нақтылықпен, оған жетуі тиіс. Сабақ мақсаты нақты, көрсетілетін және өлшенетін болуы керек. Мысалы, сабақ мақсаты – биология сабағында « жапырақтың құрылысын оқып білу », « жапырақтың өсімдік үшін маңызы» бұрын таныс емес түсініктерді , оларды қолданудың іскерліктері мен дағдыларын меңгеру болса, сабақ тақырыбы бойынша - техникаларды пайдалану арқылы білімді жинақтау мен жүйелеу, тапсырмалардың дұрыс орындалуы дағдыларын нығайту, өзін бақылау мен ұқыптылықтың дағдыларын дамыту болуы мүмкін. Бұл мақсаттар жеткілікті дәрежеде күрделі. Себебі сабақ соңында барлық оқушылар жапырақ туралы жетуі тиіс мекен екенін есте сақтаған жөн[1].
Заманауи сабақ құзыреттіліктердің қалыптасуына бағытталған. Сабақты сабақ соңында барлық оқушылар мақсатқа жеткеніне сенімді болатындай етіп ұйымдастыру қажет. Мұндай мониторингтің нәтижесінде мұғалім сабақтың мақсатты ұстанымдарын орындауды, мазмұнды, сабақтың түрі мен
құралдарын таңдаудың дұрыстығын ұғынуға болады. Сабақтың мақсатына барлық оқушы жетпесе, онда өз қатеңді дұрыстауға және барлық оқушыларға мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеу қажет.
Құзыретті модельдің білім берудегі түп тамырлы өзгеруі мұғалім мен оқытушының оқу үрдісінде білімді меңгерудегі іс-әрекетінде, оқушылар нәтижесін анықтауда өзгерістерді талап етеді.
Басты құндылық – мәліметтін көлемі емес, оқушының меңгерген біліктілігі арқылы келешекте мақсатын анықтай алуы, шешім қабылдай алып кез - келген жағдаяттарда әрекет жасай алуы.
Сабақтың мақсаты – білім алушыға пән бойынша білім тереңдігі емес, өз пәні арқылы нақты құлықтық дағдыны қалыптастыру үшін көмектесу.
Заманауи сабақ – бұл бір актер-мұғалімнің театры емес, барлық уақыт аталған мақсатқа жұмсалатын орта болып табылады.
Ең маңыздысы сабақтың мазмұны. Басты екі ерекшелігі:оқу материалының өмірлік мәселелерді шешуге және мазмұнын интеграциясына бағытталуы.
Сабақты ұйымдастыру кезінде әр оқушының жеке интеллектуалды және шығармашылық әлеуетке ие екенін жетекшілікке ала отырып, әр оқушының білім алуға құқығы бар екенін естен шығармаған жөн. Білім беру үрдісі бұл шарт, ол оқушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетіндей етіп жоболануы керек. Білім алушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетін оқыту әдістері мен тәсілдерін жетік білу керек. Сабақта оқушы осындай өз мүмкіндіктері болатындай етіп жобаланады[2].
Сабақты Блумның таксономиясын пайдалана отырып жобалау көзделеді. Оқытудың фронталды әдісі және « Мен сияқты жаса, менен де артық жаса » ұраны пайдаланылады.
Менің сабақтарымның мазмұны Блум таксономиясының 6 деңгейін қарастырады. Сабақта Блум бойынша оқу тапсырмаларыны таксономиясының ассоциативті моделі құрылады.
Бірінші деңгей « білімдер» - мақсаты ақпаратты интерьеризациялауға, яғни ақпаратты мұғалім сөздерінен, оқулық бетінен, басқа да көздерден жад қоймасына көшіру, ақпаратты білімге айналдыруға үйрету болып табылады.
Екінші деңгей «қолдану» - мақсаты білімді үлгі, ереже немесе алгоритмдік тапсырма бойынша, яғни «үлгі мен ұқсастық бойынша» пайдалануға үйрету болып табылады.
Үшінші деңгей «қолдану» - мақсаты білімді үлгі, ереже немесе алгоритмдік тапсырма бойынша, яғни «үлгі мен ұқсастық бойынша» пайдалануға үйрету болып табылады.
Төртінші деңгей «талдау» - мақсаты бұрын алған білімнің негізінде
алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операцисы) арқылы өзі үшін жаңа білімге ашуға үйрету болып табылады.
Бесінші деңгей «синтез» - мақсаты бұрын алған білімнің негізінде алглоритмдік талдау (элементарлы ойлау оперециясы) арқылы өзі үшін жаңа білім ашуға үйрету болып табылады.
Алтыншы деңгей «бағалау» - мақсаты алдыңғы деңгейлерде өзі үшін ашылқан жаңа білімдерді бұрын алған білімдер негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы нақты жағдайда қорытындылар жасауға үйрету болып табылады.
Оқушылар ақпаратпен танысқаннан кейін оқу тапсырмаларын орындауға кіріседі. Бұл жағдайда барлық оқушылар тепе-тең дәрежеде болады- бәрдей тапсырмалар және бірдей уақыт беріледі. Мысалы, 7 сынып биология сабағы негізінде түсіндіріп отыруға тырыстым. Сабақ мақсаты ақпаратты араб жазуы түрінде беру.
1 деңгей – 2 минут.
А) Сөйлемдерді еске түсір; берілген мәтінді пайдалан отырып, қалып қойған сөздерді және сөз тіркестерін қоя отырып, мәтінді қалпына келтір.
Раушангүлділер ағаш, бұта, ---- шөптекті, гүлдері ----, қосжарнақты өсімдіктер тобы. ---- қосқабатты, ---- тостағанша, ---- күлтеден тұрады. Бұршаұ тұқымдастар жапырағы ---- тәрізді немесе ---- ---- күрделі жапырақты, кейде ---- жапырақты. Жемісі құрғақ- ---- .
Б)Анықта; Раушан және бұршақ тұқымдастардың маңызын тізіп көрсет.
 2 деңгей – 5 минут.
« Араб жазуын » пайдалана отырып, ұсын ;
А)төменде алқа тұқымдас өсімдіктер берілген. Осы өсімдіктерді пайдаланып, кестені толтыр.
1.сасық меңдуана 4. қызылқұлақ 7. қызанақ
2.шырайгүл 5. Картоп 8. темекі
3.бұрыш 6. Меңдуана 9. Баклажан

тағамға Дәрі ретінде сәндік Улы түрлері
       
       

Б) « Араб жазуын » пайдаланып, сәйкестікті тап, жауабыңды ұсын;
А-жабайы түрі Үндістанда өсіріледі 1. Меңдуаналар
Б- жапырағы, тұқымы демікпе, құрыспа 2. шырайгүл
ауруларына дәрі рет.қолд. 3. Баклажан
В- жеміс құрамында- С,Р,В,А,К 4. қызылқұлақ
дәрумендері бар. 5. Қызанақ
Г- тропиктік, субтропиктік аймақта
 кең таралған
Д- күтім талғамайды, ұзақ гүлдеп тұрады.
3 деңгей – 10 минут
Тапсырмалардың үлгілерін жетекшілікке ал;
А)« араб жазуын » пайдалана отырып, алқа тқұымдас өсімдіктердің ортақ белгілеріне тірек конспектісін жаз.
Б) №2,№3,№4,№5 кестелерді пайдаланып, №1 кесте арасында « араб жазуы» арқылы байланыс орнат;
В) Алқа тұқымдас өсімдіктердің гүліне байланысты сызбанұсқаны « араб жазуы » түрінде көрсет.
4 деңгей – 6 минут
Алқа тұқымдастардың басқа тұқымдастардан ажырататын басты белгілерін ата, оларды көп өсімдіктерден қалай ажыратасың, белгілерін топтастыр;
5 деңгей – 8 минут
Алқа тұқымдас өсімдіктер бойынша өзіңнің 5 сұрақтан тұратын жобаңды құрастыр.
6 деңгей – 10 минут
Берілген сабақтың тақырыбын пайдалана отырып, алқа тұқымдас өсімдіктерге жататын өсімдіктердің өмірде қандай экономикалық-пайдалы қасиеті бар екендігін дәлелде. Бағдарламаларыңмен әріптесіңмен бөліс.
Сабақта жұмыс жасауда оқушылар бір-біріне, кедергі жасамауы тиіс. Сұрақтар туындаған жағдайда, оқушы қолын көтереді, мұғалім оның қасына жақындайды. Сұрақты тыңдап, оқушыға жауап беруге асықпай, оқушыға неге назар аудару керек екенін және жауапты қайдан іздеу керек екенін көрсету керек.
Сабақ ережелерінің бірі тапсырмаларды орындауда мұғалімнің д, айын жауаптарды бермейтіні, жауапты оқушының өзі табу керектігі болып табылады. Сабақтағы мұндай қызмет оқушыға білімді өзі алуға үйренуге көмектеседі.
Әр оқушы 1–ші тапсырмадан бастайды және барлық сабақ бойынша жұмыс жасайды. Келесі тапсырмаға көшу үшін қолын көтереді мұғалім оның қасына жақындайды және тапсырманың дұрыс орындалғандығын тексереді, тек содан кейін барып қана оқушы келесі тапсырманы орындауға кіріседі. Мұнда көптеген амалдарды пайдалануға болады – өзара тексеру, шағын топта және т.б.
2011-12 оқу жылы Канадалық халықаралық Қазіргі заман Педагогика Орталығының «Шексіз оқыту» жобасына қатысып білімімді жетілдірдім. Жоба барысында тәжірбие алмасу мақсатымен облыстық деңгейде 3 ашық шеберлік сағатын өткіздім. Жинақтаған тәжірибем бойынша «Сабақ үлгілері» атты көмекші құрал құрастырдым.
Қорыта келе бұл технология оқушының оқу үрдісінде ең маңызды, тиімді жолдардың бірі деп санаймын. Биология сабағында осындай жұмыс әдісі оқушылардың мүмкіншілігін, әр оқушының интеллектуалды және шығармашылық потенциалды жүзеге асыруға жол ашады.

Әдебиеттер:
1.Рудик Г.А.Еуропалық біліктілік жүйесі контексінде ұлттық білім стандарттарын әзірлеу мен енгізу бойынша практикум– Қостанай, 2010 ж.
2.Рудик Г. А. «Ойлау еңбегінің мәдениеті немесе оқытудың 101 техникасы» оқу құралы – Қостанай, 2010 ж.