Тұру

Инновациялық Еуразия университеті жанында Студенттер үйі жұмыс істейді, онда аз қамтылған отбасылары, Павлодар облысы әкімі грантының иегерлері қатарынан ЖОО және колледж студенттері және Қазақстанның басқа облыстарынан келген студенттер тұрады.

Мұнда тұратын студенттерге оқу және демалу үшін барлық жағдай жасалған. Студенттер жайлы, таза бөлмелерде екі адамнан тұрады.

ИнЕУ-дің Студенттер үйінде рұқсатнамамен кіргізу жүйесі жұмыс істейді. Барлық мәселелерді шешетін Студенттер кеңесі жоғары басқару органы болып табылады.

Студенттер үйінде барлық қажетті заттармен жабдықталған демалу бөлмесі бар. Спорт залы, душ бөлмесі, кір жуатын орын және асүй жұмыс жасайды.

Университет пен Студенттер кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес мәдени-бұқаралық іс-шаралар жүргізіліп тұрады.

Студенттер үйінен орын бір оқу жылы мерзіміне тек күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне ғана беріледі. Павлодар қ. және облыстың жақын орналасқан аудандарында (жолға кететін уақыт 60-80 минуттан аспайтын) тұратын білім алушыларға Студенттер үйінен орын берілмейді. Студенттер үйінен орын негізінен бірінші курс студенттеріне – 120 орын, сонымен қатар белгілі бір санаттағы жоғары курс студенттеріне – 40 орын ұсынылады. Студенттер үйінде тұру төлемақысы (2012 жылғы шілде айына) 4.700-ден 6.000 теңгеге дейін.

Бірінші курс студенттеріне Студенттер үйінен орын төмендегідей тәртіпте беріледі:

  • Облыс әкімі грантының иегерлері (қабылдау комиссиясының тізімі бойынша);
  • жетімдер (растайтын құжаттар болған жағдайда);
  • толық емес отбасылардың балалары (ауылдық кеңес немесе ЦСЗ-дан отбасылық табыс туралы анықтама болған жағдайда);
  • аз қамтылған отбасылардың балалары (ауылдық кеңес немесе ЦСЗ-дан отбасылық табыс туралы анықтама болған жағдайда);
  • ақылы негізде оқитын басқа санаттағы студенттер;
  • мемлекеттік грант бойынша оқитын басқа санаттағы студенттер өтініш беру кезектілігіне сәйкес.

Жоғарғы курс студенттерінің орналасу тәртібі:

  • Облыс әкімі грантының иегерлері (қабылдау комиссиясының тізімі бойынша);
  • жетімдер (растайтын құжаттар болған жағдайда);
  • толық емес аз қамтылған отбасылардың балалары (ауылдық кеңес немесе ЦСЗ-дан отбасылық табыс туралы анықтама болған жағдайда);
  • жатақханадағы қоғамдық жұмыспен белсенді айналысқан, студенттік кеңестің қоғамдық жұмысына жауаптылар, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыратын студенттер;
  • университеттегі қоғамдық жұмыспен белсенді айналысатын студенттер.

Жатақханада тұратындар мен қызметшілер жатақхананың Ішкі тәртіп ережелерін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ сақтаулары керек. Осы Ереженің тармақтарын бұзғаны үшін студентке төмендегідей тәртіптік жазалар қолданылады: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жатақханадан шығару. Жатақханада тұратын университет қызметкерлерінің тәртіп бұзушылықтарын ЖОО ректоры қарастырады. Ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын жатақхана коменданты және студенттік кеңес бақылайды. Студенттер үйінде тұрған және қоғамдық тәртіпті немесе тұру ережелерін бұзғаны үшін шығарылған студенттерді жатақханаға екінші рет орналастырмайды.

Жатақханада тұратындар міндетті:

  1. жатақханаға кірерде күзет қызметінің қызметшісіне рұқсатнама көрсетуге;
  2. меншік мүлкіне – бөлмеге, жатақхана жабдықтары мен заттарына ұқыпты қарауға;
  3. тұратын бөлмелер мен ортақ қолданыстағы орындарда тазалық пен тәртіпті сақтауға, тұратын бөлмелер мен блоктарды күн сайын жинап тұруға;
  4. өздеріне бөлінген бөлмелер мен ортақ қолданыстағы орындардағы барлық олқылықтарды жою бойынша шараларды белгіленген тәртіпте қолдануға;
  5. электр энергиясы мен суды үнемдеп жұмсауға;
  6. жатақхананы, төсек-орын жабдықтарын, суды, электр энергиясын пайдалану және ұсынылатын қосымша қызметтердің барлық түрлері үшін белгіленген мөлшердегі ақыны уақытында төлеп тұруға;
  7. келтірілген материалдық нұқсанның орнын қолданыстағы заңдарға сәйкес толтыруға;
  8. электр құралдарын пайдаланған кезде техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсізді ережелерін сақтауға, жатақхана комендантының рұқсатынсыз қосымша электр құралдарын орнатпауға (жеке электр құралдарының барлығын жатақхана комендантында тіркеу керек);
  9. жатақханадан шыққан кезде алынған мүлікті дұрыс және таза күйде жатақхана комендантына тапсыруға;
  10. каникулға немесе практикаға уақытша кеткенде жүрерден екі күн бұрын бұл туралы комендантты ескертіп, жеке бағалы заттарды және жатақханадан алған заттарды сақтау камерасына тапсыруға.

Жатақханада тұратындарға тыйым салынады:

  1. дәлелді себеп болмаса, жатақханаға 23.00-ден кеш келуге;
  2. ата-аналардан басқа бөтен адамдарды жатақханаға ертіп келуге болмайды. Бөтен адамдар келсе, вахта қасынан өтіп бара жатқан жатақхана тұрғындары арқылы 10.00-22.00-ге дейін студенттерді шақыртуға болады.
  3. Өз еріктерімен бір бөлмеден екіншіге көшуге немесе мүлікті тасуға;
  4. электр сымдарды жөндеуге немесе оңдауға;
  5. ашық жылытқыш құралдарын тұрғын бөлмелерде пайдалануға;
  6. радио және телеаппаратураның дауысын қатты қосуға;
  7. сағат 23-тен кейін дыбыс шығаратын аппаратураны қосуға, ән айтуға, шулауға;
  8. арнайы бөлінген орын болмаса, жатақхана комендантымен алдын ала келісіп алмай бөлмелер мен ортақ қолданыстағы орындардың қабырғасына хабарландыру, сурет, сабақ кестесін жабыстыруға;
  9. жатақханаға мас күйде келуге, шылым шегуге, спирттік ішімдіктерді ішуге, құмар ойындарды ойнауға.

Қосымша ақпаратты мына мекенжайлар бойынша алуға болады: Павлодар қ., Горький к-сі, 102/4, 124-каб., тел.: 57-07-14, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. (Жастар ісі және қоғаммен байланыс бөлімі). Ломов к-сі, 45, 2-ғимарат, тел.: 34-27-39 (Студенттер үйі).