Медициналық орталық

Мемлекеттік лицензия № 00852DS 2009 жылғы 6 наурыз.

Медициналық орталық 2009 жылғы 29 ақпаннан бастап қала және облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсетіп келеді.

Жұмыс тәртібі: 9.00-ден 18.00-ге дейін
Түскі үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін
Сенбі: 9.00-ден 13.00-ге дейін
Стоматологиялық кабинет 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

  • терапевтке қабылдау және емдеу;
  • вакцинация (егу),
  • уақытылы флюоро тексеруден өтуді бақылау;
  • туберкулёзбен және инфекциялы аурулармен ауырған науқастармен байланыста болған тұлғаларды бақылауға алу;
  • паразитарлы аурулармен сырқаттанған науқастарды бақылауға алу;
  • спорттық-бұқаралық іс-шараларда медицина қызметкерінің кезекшілігі;
  • шұғыл көмек көрсету.

Оқытушы-профессорлық құрам үшін (жеңілдік тізімі бойынша) зертханалық зерттеулерден басқа қызметтердің барлығы тегін көрсетіледі. Қызметкерлер, студенттер мен оқушыларды дәрігерлердің (невропатолог, ЛОР, хирург және т.б.) қабылдауы 50 %-дық жеңілдікпен, флюорография 35 % жеңілдікпен жүргізіледі.

ИнЕУ-ге және ИнЕУ колледжіне оқуға

түсетіндер үшін «Medex» медициналық орталығында мед.тексеруден өту (50% жеңілдікпен) – 400 теңге.

Түлектердің назарына! «Medex» МО-нда медициналық тексеру (ф-086у) мен флюорографияны 1 күнде өтуге болады!

Медициналық тексеру құны - 790 тңг., флюорография - 380 теңге.

Өзімен төмендегі құжаттар болу керек:

  1. 3х4 см фото
  2. Жеке куәлік
  3. Күндізгі бөлімге оқуға түсетіндер үшін — егу картасы

2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2012 жылғы 31 мамырға дейін ИнЕУ студенттері мен қызметкерлеріне ұсынылған жеңілдіктер 1 миллион теңгеден астам соманы құрады.

  1. Медициналық тексерудің барлық түрі: МАИ үшін, оқуға (086у), шет елге (082), жұмысқа орналасқан кезде, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін тұлғалардың жыл сайынғы (мезгілді), рұқсат және санминимум қойылған жеке медициналық кітапшалар (сатушыларға, медициналық мекемелер, балабақшалар, монша, шаштараз және т.б. қызметкерлеріне) – 1 күнде! Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қызметшілеріне – 3-5 күн ішінде.
  2. Флюорография нәтижелері сол күні беріледі!
  3. Қабылдауды қаланың тәжірибелі дәрігерлері: гинеколог, невропатолог, окулист, кардиолог, ЛОР, аллерголог, эндокринолог, уролог, дерматовенеролог, хирург, онколог, рентгенолог және терапевт жүргізеді.
  4. Клиникалық-биохимиялық зертхана барлық анализдерді (аллергендерге алатын сынаманы да) алады.
  5. Процедуралық кабинет: инъекцияның барлық түрлері.
  6. Функиялық зерттеулер (ЭКГ)
  7. Массаж (классикалық, нүктелі, косметикалық, целлюлитке қарсы).
  8. Физиомен емдеу.
  9. Стоматология кабинеті стоматологиялық қызметтің барлық түрін, ортодонт (тістеуді түзету, скоба, брекет және т.б.) қызметін де көрсетеді.

Біздің артықшылығымыз: кезек жоқ, жоғары кәсібилік, жылы шырайлы қызметкерлер. Зейнеткерлерге 20% жеңілдік.

Тел.: 34-03-37, ұялы: 87776253760; 87004622057; 87074965749
Мекенжайымыз: М.Горький к-сі, 102/4.