Басшылық

Қадағалау кеңесі Университетті бсқарудың жоғары органы, Уиверситеттің есеп беретін құрылтайшысы болып табылады. Қадағалау кеңесі қызметінің міндеті Уиверситеттің дамуының стратегиялық бағыттарын белгілеу, жалпы университеттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылау, түзету қызметтерін жүзеге асыру болып келеді.

ИнЕУ-дің Қамқоршылық кеңесі ЖОО-ны алқалық басқарудың қоғамдық органы болып табылады, ол ректормен, жергілікті атқарушы органдармен, қызығушылық танытқан мекемелер және өзге де ұйымдармен өзара әрекетте. Қомқоршылық кеңес мүшелері өз қызметтерін өтеусіз негізде атқарады. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымы құрылтайшысының бастамасы бойынша құрылады.

Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаттары:

  • білім беру ұйымының жарғылық міндеттерін жүзеге асыруға ықпал жасау;
  • білім беру, оқу бағдарламаларын табысты жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымының білім алушыларына және педагогикалық ұжымына қажет жағдайларды жасау;
  • қаржылай қолдау көрсету, білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту;
  • білім беру ұйымының ары қарай дамуына жәрдемдесу.

Ректорат қызметінің міндеттері: Университет қызметін тікелей басқаруын жүзеге асыру; миссияға және стратегиялық даму жоспарына сәйкес Университеттің қызметі мен дамуының түрлі мәселелері бойынша келешектегі және ағымдағы жоспарларын әзірлеу болып табылады.