Жеңілдіктер

Университет төмендегідей жеңілдіктер ұсынады:

Білім туралы құжаттың орташа балы 5,0 болатын талапкерлер үшін бірегей ұсыныс – ЖЫЛДЫҚ төлемақыдан 50% жеңілдік беріледі.

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін күндізгі бөлімге түсетін талапкерлер үшін жеңілдік ұсынылады.

Колледж бітірушілері үшін арнайы ұсыныс – бірінші семестрде жартыжылдық төлемақыға жеңілдік жасалады:

  • күндізгі бөлім — 20%-ға дейін; +5% ИнЕУ колледжінің бітірушілеріне
  • сырттай - 10 %-ға дейін

Аттестаттың/дипломның орташа балы бойынша — жартыжылдық төлемақыдан
күндізгі бөлім - 5-тен 50%-ға дейін:

  • Ерекше үлгідегі аттестат орташа балл "5" — жылдық төлемақыдан 50% шегерім
  • Ерекше үлгідегі аттестат орташа балл "5"-тен төмен - жартыжылдық төлемақыдан 25% шегерім
  • 4,5-4,99 - 10%
  • 4,0-4,49 - 5%

сырттай, кешкі - 5-тен 15 %-ға дейін

  • 5 балл - 15% шегерім
  • 4,5-4,99 - 10% шегерім
  • 4,0-4,49 - 5% шегерім

Сырттай оқу - 6% жеңілдікке дейін
Үздік оқығаны үшін — жартыжылдық төлемақыдан:

  • күндізгі бөлім - 25%-ға дейін
  • сырттай, кешкі — 12%-ға дейін

Университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін (күндізгі бөлім студенттері үшін) - студент аптасына кемінде 40 сағат жұмыс істеген жағдайда оқудың толық төлемақысынан 100% көлемінде жеңілдік беріледі.
Отбасылық жеңілдік отбасының бірге тұратын әрбір келесі мүшесі үшін беріледі:

  • Күндізгі оқу: жартыжылдық төлемақыдан 20 %, бірақ 100 %-дан көп емес
  • Сырттай, кешкі оқу: жартыжылдық төлемақыдан 10 %, бірақ 50 %-дан көп емес

Қызметкерлерге арналған жеңілдік — еңбек өтіліне байланысты жартыжылдық төлемақыдан 50%-ға дейін.

Алдыңғы қатарлы спортшылар үшін жартыжылдық төлемақыдан 12%-ға дейін.

Кәсіби бағдар беру жұмысына белсене қатысқаны үшін (студенттер мен серіктестер) кемінде бес адамды оқуға тартқан жағдайда әкелген студенттердің барлығының нақты төлеген жиынтық құнынан 4% мөлшерінде беріледі.

Кәсіби бағдар жұмысымен студенттердің ата-аналары, мектептер мен колледждердің мұғалімдері және әкімшілігі де айналыса алады.

Дербес гранттар, стипендиялар — 100%-ға дейін.

ИнЕУ студенттері мен ИнЕУ колледжінің оқушыларына оқу төлемақысы бойынша жеңілдіктер жасау туралы ереже

Қосымша ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: Павлодар қ., М. Горький к-сі, 102/4, 223-каб., тел. 57-44-78 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.