Грантты қалай алуға болады?

Мемлекеттік білім беру гранттары конкурс негізінде беріледі.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 23-31 шілде аралығында.

Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл, оның ішінде бейіндік пән бойынша кемінде 7 балл (әр шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде – кемінде 4 балл жинау қажет.

  • «Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғалар;
  • білім берудің автономды ұйымдарының білім туралы құжаттары бар тұлғалар;
  • жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар (ғылыми жарыстардың) конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, олардың тізімдерін білім саласындағы уәкілетті орган анықтайды, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, І және ІІ топтағы мүгедектер, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, тиісті білім беру ұйымдарында оқу денсаулығына зиян тигізбейтіндігі туралы медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысына сәйкес бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білім туралы құжаты (куәлік, аттестат, диплом) бар тұлғалар;
  • аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы жоғары тұлғалар.

  • Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен белгіленген квота бойынша өткізіледі. Білім беру грантын алу конкурсына қатысушы тұлғалар үшін белгіленген квоталар өтініш берілген барлық мамандықтарға қолданылады;
  • ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін конкурс келесі түрде өтеді: осы мамандықтар мен оқыту тілі бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал қалған 30 пайыз грантқа конкурс тек ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға өткізіледі.

Қосымша гранттар

  • Облыс әкімінің гранты;
  • перспективті және таланттылар үшін – шетелдік кәсіпкерлер мен аймақтағы жұмыс берушілердің гранттары;
  • дарындылар үшін – ИнЕУ-дің және Қамқоршылық кеңес мүшелерінің гранттары.

Қосымша ақпаратты Павлодар қ., Ломов к-сі, 45, 1-ғимарат, 114 және 115-каб. мекенжайы бойынша алуға болады. Тел.: 8 (7182) 34-01-94, 34-51-72 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.