Оқу төлемақысы

Оқу төлемақысын екі жолмен төлеуге рұқсат етіледі:

1. Оқу төлемақысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жыл сайын бекітілетін мамандарды даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысқа сәйкес белгіленеді.
2. Оқу жыл(дар)ы үшін ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін 100 % мөлшерінде алдын ала төлеу.
3. Оқу жылы ішінде ай сайын әр айдың 1-не дейін оқудың жылдық құнынан кемінде 10% көлемінде бөліп төлеу. Мұндай жағдайда оқу семестрінің ақысы жылдық құнға үйлесімді әр сессия басталғанға дейін, бітіруші курс студенттері үшін екінші сессия және (немесе) диплом алды немесе басқа кәсіби тәжірибеге жіберілгенге дейін толық көлемде төленуі тиіс.
4.    Бірінші және соңғы курстың оқу үшін барлық есеп айырысулары ақшалай қаражатты М.Горький к-сі, 102/4, 224-каб. мекенжайы бойынша орналасқан университет кассасына 9.00-ден 16.00-ге дейін төлеу арқылы жүргізіледі. Қалған курстар БТА Банкі, Цесна Банк, Темір Банк пен ЦентрКредитБанк және Қазпоштаның барлық бөлімшелері мен төлем терминалдары арқылы ИнЕУ-дің есеп шотына аударады.

"Оқу төлемақысы" презентациясы

Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: М.Горький к-сі, 102/4, 223-каб. Тел.: 8(7182) 57-44-78 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.