Ректордың сөзі

bayandin novoeҚұрметті түлектер!

Сапалы білім сіздердің алдарыңызда үлкен мүмкіншіліктер ашады.

Инновациялық Еуразия университетінің барлық қызметі сіздердің жан-жақты білім алып, қоғам өмірінің жаңа құбылыстары мен үрдістерін түсінетін, идеялық-адамгершілік, мәдениет және әдеп қағидаларының көзқарастары жүйесін меңгерген, шапшаң өзгеретін әлемдегі үздіксіз білім алуға талпынатын әлеуметтік тұрғыдан белсенді тұлға болуларыңызға бағытталған.

Егер екінші жоғары білім алу, магистратурада немесе докторантурада оқуды жалғастыру жоспарларыңызда болса, ИнЕУ-дің есігі сіздер үшін ашық.

Сіз және сіздің біліміңіз бүгінгі заманауи қоғамда қаншалықты сұранысқа ие болатыны өзіңізге байланысты. Үміттеріңіз ақталып, іске ассын.

Қымбатты түлектер, ИнЕУ дипломдары сіздерді үлкен де қызықты өмірге жетелейтін жолдама болсын. Еңбек жолында биіктерден көрініп, тамаша карьера жасауларыңызға тілектеспін және білім ордаларыңызды да ұмытпағайсыздар.

 

Инновациялық Еуразия университетінің ректоры
Марат Асылбекович Баяндин, экономика ғылымдарының докторы, профессор