Жастар бірлестіктері

ИнЕУ-дің жастар ісі жөніндегі комитеті (ЖІК).

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында ИнЕУ-де Жастар ісі жөніндегі комитет құрылды, ол – университеттің қоғамдық бастамалар негізінде жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшесі.

Комитеттің негізгі міндеттері:

  • студенттік қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестіру;
  • академия факультеттерінде және студенттік топтар деңгейінде студенттік өзін-өзі басқарудың заманауи формаларын енгізу;
  • оқу және тәрбиелік үрдістерінің бірлігін қамтамасыз ету негізінде студент-жастар арасында қоғамдық-саяси және мәдени көпшілікке арналған іс-шараларды ұйымдастыру;
  • жастардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу бойынша жүйелі жұмыс істеу;
  • бірлесіп жұмыс істеу үшін атқарушы органдармен байланыс орнату;
  • әртүрлі тақырыптарда диспуттар мен пікірсайыстар өткізу.

Жастар ісі жөніндегі комитет қызметінің негізгі мақсаттары:

  • студенттердің белсенділігін арттыру;
  • студенттердің бастамаларына қолдау көрсету;
  • патриоттық тәрбие беру;
  • азаматтық сананы қалыптастыру;
  • студенттік жастардың жеке тұлғалық қабілеттерін дамытуға көмектесу.

 

 

Құрметті ИнЕУ студенттері! Бізді алдағы уақытта көптеген қызықты және пайдалы істер күтіп тұр. Бізге ынта көрсету, арман-ойларымызды іске асыру, өз пікірімізді білдіру мүмкіндігі берілді – осы мүмкіндігімізді пайдаланайық! Біздің қатарымызға қосылып, әйгілі, жарқын тұлға болыңыздар! Біз сіздерді күтеміз!

Барлық сауалдар бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыз: 

Ломов к-сі, 45, 102-кабинет
Телефон: 67-30-57 (iшкi 243)
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.