Денис Лешков, халықаралық санаттағы спорт шебері

Астаналық «Даулет» спорт кешенінде бел күресі бойынша ересектер арасында әлем чемпионаты мен жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Жарысқа 30 елден келген 300-ге жуық спортшы қатысты.

Астанада бел күресі бойынша әлем біріншілігі алғаш рет өткізілді, және де бұл факт– спорттың осы түрі бойынша республика Федерациясы беделінің халықаралық деңгейде мойындалуы.

Қазақстанда шынымен де бел күресі кеңінен таралып келеді: 2005 жылы республикалық федерация құрылды, 10 облыста филиалдар жақсы жұмыс атқаруда, спорт мектептерінде бөлімдері ашылды.

Бұл спорт түрінің даму перспективалары бізде бар,- дейді ҚР-ның бел күрес пен қоян-қолтық ұрыс бойынша мемлекеттік жаттықтырушысы Иманзаиб Сатыбалдинов. Құрамада әлем және Азия чемпионаттарының күміс және қола жеңімпаздары бар. Жеке-жектің бұл түрінде ресейліктер дәстүрлі түрде көшбасшы болып келді, алайда оларға біздің балуандарымыз да, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Монғолия өкілдері де бәсекелестік танытуда.

Еліміздің тарихында алғаш рет еркін күрестен 68 кг дейінгі салмақта алтын медальді жеңіп алған павлодарлық, ИнЕУ студенті Денис Лешков, сонымен қатар ол Қазақстан Республикасының халықаралық санаттағы Спорт шебері атағына ие болды. Құттықтаймыз және де жаңа жеңістер тілейміз!!!