Әлем чемпионатында өнер көрсетеді!

2013 жылғы 20-22 қыркүйекте Астана қаласында белбеу күресі бойынша ҚР кубогы өтті.

Аталмыш жарыста ИнЕУ-дің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының студенті Лешков Денис (салмақ категориясы 68 кг) пен ИнЕУ-дің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушысы Жоламан Дархан (салмақ категориясы 100 кг) бірінші орынды иеленіп, әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.