ИнЕУ-дегі спорт кешенінің ашылуы

2013 жылғы 24 қыркүйек күні Инновациялық Еуразия университетінде құрамына футбол алаңы, волейбол, баскетбол, гандбол, үлкен теннис ойнауға болатын көп қызметті ойын-спорт алаңы мен ұзындығы 200 метрлік жарыс жолы кіретін спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Спорт кешенінің ашылуында бірінші проректор-инновациялық даму жөніндегі проректор Е.Б. Никитин және Павлодар облысы бойынша Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі О.В. Кольев сөз сөйледі. Олар университет студенттеріне спортта жаңа табыстар мен олимпиада рекордтарын тіледі.