Футбол бойынша ИнЕУ құрамасы – 2013 ж. облыстық универсиада жеңімпазы!

Футболдан ИнЕУ құрамасы Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынның тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткізілген «Павлодар 2013» облыстық универсиадасында бірінші орын алып, жеңімпаз атанды.

Универсиада жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі 29 қазанда «Баянтау» спорт сарайында өтті. Марапаттарды Қазақстан Республикасының «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы, ҚР-ның Президенті жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі Нұрлан Сыдықов табыс етті.

Инновациялық Еуразия университетінің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері атынан футбол бойынша ИнЕУ-дің құрама командасын осындай тамаша жеңісімен құттықтаймыз!