Пауэрлифтинг бойынша Азия чемпионатында

Пауэрлифтинг бойынша Азия чемпионатында қазақстандықтар 75 медаль жеңіп алды.

Алматыда пауэрлифтинг бойынша Азия чемпионаты аяқталды. Мұнда Қазақстан командасы өзінің көшбасшылығын дәлелдеді. Азия елдерінің арасында қазақстандық мықтылар шынымен де көшбасшылыққа лайықты, ал әлемдік пьедесталда олар АҚШ пен Ресей командаларына ғана жол береді. Чемпионат (ерлер арасындағы) қоржынымызға 30 алтын, 17 күміс және бес қола медаль әкелді.

Қазақстандық қыздар 15 алтын медаль, жеті күміс және бір қола награда әкеліп қуантты.

2012 ж. Азия чемпионатының ең үздік атлеттерінің ішінде 150,44 кг нәтижесімен біздің университетіміздің студенті Анастасия Гусаева жеңімпаз атанып, алтын алды.