Қазақстан қысқы спартакиадасының чемпионы – ИнЕУ студенті!

Қазақстанның ІІІ қысқы Спартакиадасы 2013 жылғы 11 – 18 ақпан аралығында «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде (Алматы облысы) классикалық шаңғы жарысынан басталды.

Республика чемпионаты түрінде өткен жеке-командалық жарыстарда Астана, Алматы қалалары және жеті облыстың: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан (ШҚО), Қарағанды, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан (СҚО) құрама командаларының спортшылары қатысты.
Кешенде «көк» және «қызыл» деп аталатын түрлі қашықтыққа созылған сертификатталған халықаралық жолдар. Жарысты бірінші шаңғышы қыздар – 58 спортшы бастады.
Старт 30 секундты интервалмен бөлінген.
Дистанция 10 километр – «көк» және «қызыл» трассалар кезектесіп келген 2500 метрлік төрт айналым. Әр айналымда бапкерлері өз шәкірттерін жігерлендіріп, қарсыластарының қозғалу тәртібін хабарлап және жарысқа икемдеп отырды.
Старт номерлері спортшылардың рейтингтерін есепке ала отырып анықталды – мықтылары соңғы старт номерлерін алды. Олардың арасында ИнЕУ студенті - Анна Шевченко (1993 ж.т., Павлодар обл.) да бар. Жарысты соңғы болап бастаған Анна көшбасшыларға жетіп, оларды озып кете алды. Шевченко Анна (СШК) 0:32:01 нәтижесімен ҚР-ның ІІІ қысқы Спартакиадасының абсолют жеңімпазы атанды.