Өнертапқыштарға

Патенттік құжаттама және олардың қолданылуы
Өнертабыс патенттеріне берілетін қазіргі сипаттамаларда 3 негізгі құрылымдық компонентті оңай ажыратуға болады: басты бет (Title- page), текстік сипаттау бөлімі (Description) және егер өнертабыс құрылғы болса, сызбалар (Drawings).

Басты бет (Title-page) келесі ақпарат элементтерін қамтиды:

  • өнертабыс туралы шығыс деректер (Басты бөлім) (Heading);
  • атауы (өнертабыс атауы) (Title);
  • реферат (өнертабыс мәні жайлы шағын баяндама) (Abstract);
  • егер де сипаттамаға сызу қоса келтірілсе, бір сурет (Figure).

Әртүрлі елдер патенттеріне өнертабыс сипаттамаларының басты бөлімдерінің мазмұны әр түрлі болуы мүмкін, бірақ қалай болғанда да басты бөлім - бұл жүйелеуге және патенттік кітапханаларда, патенттік бюролар мен басқа да ұқсас мекемелерде патентті іздеуге қажетті координаттарды қамтитын бөлім.

Патентке өнертабыс сипаттамасының басты бөлігі өнертабыс формуласы (патенттік формула) болып табылады. Заң тұрғысынан қарасақ, патенттік формула – осы өнертабыстың барлық соны ерекшеліктері тұжырымдалатын пәтенттің негізгі бөлімі. Дегенмен патенттік формула патент сипаттамасының мәтіндік бөлімінің жалғасы болып табылады, бұл – патенттің дербес бөлімі. Ағылшын тіліне аударсақ, патенттік формула мынадай сөздерден басталады: claim, claims, (I claim, we claim, what I claim is, what we claim is). Әдетте формула абзацтың нөмірін көрсететін бірнеше тармақтан тұрады. Егер де формулада бір ғана тармақ болса, онда ол нөмірленбейді. Әр тармақ, қандай болмаса да, патентте бір сөйлемнен тұрады. Бұл – мазмұндаудың дәстүрлі формасындағы стиль.

АНАЛОГ – техниканың осы және сабақтас салаларында патенттік зерттеулер жүргізу кезінде әзірленіп жатқан объектімен орындайтын қызметі және белгілері бойынша ұқсастығы бар техникалық шешім.
ТҮПНҰСҚА — техникалық мәні және қол жеткізетін оң нәтижесі бойынша бұрын ашылған аналогтар ішінде өнертабыс ретінде мәлімделген техникалық шешімге (техниканың әзірленіп жатқан объектісіне) ең жақыны.
ПАТЕНТТІК ҚҰЖАТТАР – АНАЛОГТАР – әр түрлі елдерде бір өнертабысқа конвенциялық басымдықты сұратып немесе онсыз берілген патенттік құжаттар (өтінімдер немесе жарияланған қорғау құжаттары). «Патент-аналог» терминін қолдануға кеңес берілмейді, себебі бұл жарияланған өтінім-аналогтар да, сондай-ақ жарияланған қорғау құжаттары да, яғни жариялымның әр түрлі сатысындағы патенттік құжаттар болуы мүмкін.
Әдебиетте бұл ұғым көбіне «патенттер-аналогтар» ретінде беріледі, бұл дұрыс емес.
Бұл екі сөзді «аналогпен» шатастыруға болмайды.


«Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі» ҚР СТ ГОСТ Р 15-011-96 стандартына сәйкес патенттік зерттеулер деп техникалық деңгейдегі зерттеулер мен шаруашылық қызмет объектілерін дамыту тенденциялары, олардың патенттік және басқа ақпарат негізінде патент қабілеттілігі, патент тазалығы, бәсекеге қабілеттілігі (тағайындалуы бойынша қолдану тиімділігі) тұспалданады.
Өздерінің сипаты мен мазмұнына байланысты патенттік зерттеулер қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарына жатады және шаруашылық қызмет объектілерін құру, өндіру, іске асыру, жетілтіру, пайдалану, жөндеу және өндірістен шығарумен байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер қабылдайтын халықтық-шаруашылық міндеттерді негіздеудің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.
Жалпы алғанда патенттік зерттеулер мазмұны төмендегілерден тұруы мүмкін:

  • шаруашылық қызмет объектілерің техникалық деңгейін зерттеу, тенденцияларды айқындау, олардың дамуының болжамын негіздеу;
  • қалыптасқан патенттік жағдайда осы өнімнің нарық ахуалын, зерттеу еліндегі ұлттық өндіріс сипатын зерттеу;
  • тұтынушылардың өнім мен қызметтерге қоятын талапттарын зерттеу;
  • зерттелетін өнім нарығында қызмет ететін немесе жұмыс істей алатын ұйымдар мен фирмалардың ғылыми-зерттеу және өндірістік қызметін зерттеу;
  • бәсекелестер, ықтимал контрагенттер, лицензиарлар мен лицензиаттар, ынытмақтастық бойынша серіктестерді анықтау үшін олардың патенттік саясатының қызметін ұсынатын әзірлеушілер (ұйымдар мен фирмалар), өндірушілер, өнімді жеткізушілер мен фирмалардың лицензиялық қызметін қоса коммерциялық қызметті талдау;
  • бәсекелес фирма қолданатын сауда маркаларын (сауда белгілерін) айқындау;
  • шаруашылық етуші субъектінің қызметін талдау, оның ғылыми-техникалық, өндірістік және коммерциялық қызметін, патенттік және техникалық саясатын дамытудың оңтайлы бағыттарын таңдау және өнім мен қызметтердің қолданылу тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша нақты талаптарды негіздеу; қолданыстағыны жетілдіру және жаңа өнім мен технологияны жасау; сонымен қатар қызметтерді орындауды ұйымдастыру бойынша нақты талаптарды негіздеу; бұл үшін қажетті жұмыстар мен олардың нәтижелеріне қойылатын талаптарды жүргізудің негіздемесі;
  • техника-экономикалық талдау және техника мен қызметтердің жаңа объектілерін жасау мен қолданыстағыларын жетілдіру талаптарына жауап беретін техникалық, көркем-конструкторлық шешімдер (өнеркәсіптік меншіктің белгілі объектілері қатарынан) таңдауын негіздеу;
  • техникалық тапсырмаларда (тактика-техникалық тапсырмаларда) қарастырыған, техникалық көрсеткіштердің жетістіктерін қамтамасыз ететін техника объектілерінде қолдану үшін өнеркәсіптік меншіктің жаңа объектілерін жасаудың орындылығы туралы ұсыныстарды негіздеу;
  • ҒЗЖ мен ТКЖ зияткерлік меншіктің, оның ішінде өнеркәсіптік қорғауға қабілетті объектілерге жатқызу мақсатында оларды орындау үрдісінде жасалған техникалық, көркем-конструкторлық бағдарламалар және басқа шешімдерді айқындау;
  • елімізде және шетелде зияткерлік меншік(оның ішінде өнеркәсіптік) объектілерін құқықтық қорғаудың орыдылығын негіздеу, патенттеу, тіркеу елін таңдау;
  • техника объектілерінің патенттік тазалығын (техника объектілерінің патенттік тазалыққа сараптау) зерттеу, олардың патенттік тазалығын қамтамасыз ету мен елімізде және шетелде техника объектілерін кедергісіз өндіру мен іске асыру бойынша шараларды негіздеу;
  • шаруашылық қызмет объектілерінің бәсекеге қабілеттілігін, оларды мақсатты пайдаланудың тиімділігін, даму тенденциялары мен болжамның сәйкестігін талдау;
  • инжиниринг типінің лицензия мен қызметтер объектілерін айқындау және іріктеу;
  • шаруашылық қызмет объектілерін іске асыру жағдайларын зерттеу, оларды оңтайландыру бойынша шараларды негіздеу, елімізде және шетелде шаруашылық қызмет объектілерін іске асыру бойынша, лицензияларды, жабдықтарды, шикізатты, жинақтаушы бұйымдар мен т.б. сатып алу және сату бойынша коммерциялық іс-шараларды жүргізудің орындылығы мен формаларын негіздеу;
  • коммерциялық қызметті жүзеге асыру кезінде тауар белгілерін пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • шаруашылық етуші субъектілердің мүдделеріне жауап беретін басқа жұмыстарды жүргізу.

Патенттік зерттеулердің нақты мазмұнын жүргізілетін жұмыстың сипатына, өмірлік цикл сатыларына немесе техника объектісінің өмірлік цикл сатыларындағы жұмыс кезеңдеріне, шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметін талдау нәтижелеріне байланысты анықтайды.
Патенттік зерттеулер ғылыми міндеттерді шешу және жаңа техника объектілерін жасау кезіндегі шығармашылық үрдістің негізгі қызметін атқарады және патенттік толық ақпаратты әрі патенттік емес ақпараттың міндетті минимумын іздеу, талдау мен синтездеуге және оларды ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық пен жобалық-технологиялық жұмыстарды жүргізудің барлық сатыларында қолдануға негізделеді.
Патенттік зерттеулер үрдісінде жаңа әзірлеменің орындылығы расталады, тапсырылған типті әзірлеуде ең озық бағыт айқындалады, сонымен қатар үздік үлгілердің техникалық сипаттамасы анықталады.
Патенттік зерттеулер (осы ұғымның кең мағынасында) техниканың бұрынғы деңгейін және патенттік құқықтар жағдайын зерделеу мақсатында патенттік және патенттік емес материалдарды зерделеу болып табылады. Ал тар мағынада патенттік зерттеулер – бұл белгілі бір тақырып бойынша материалдарды іздеу және іріктеу, оларды жүйелендіру, талдау әрі қолдану.
Патенттік зерттеулер қорғауға қабілетті ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың құрамдас бөлігі болып табылады.
Патенттік-ақпараттық зерттеулер (патенттік іздеу) жүргізу ғылыми-зерттеу (ҒЗЖ) немесе тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ТКЖ) не дипломдық (курстық) жоба тақырыбы бойынша патенттік-ақпараттық зерттеулер жүргізуге тапсырмалар құрастырудан басталады.
Дипломдық (курстық) жобаны орындауда студенттің алдына ҒЗЖ және ТКЖ орындаушымен бірдей мақсаттар қойылады; әдіснамалық тәсіл нақты техникалық жобаны орындаған жағдайда да, оқу жобасы үшін де бірдей болып қалады.
Іздеу нысанын (объектісін) патенттік зерттеулердің нақты міндеттеріне, объект санатына, сонымен қатар оның қандай элементтерін, параметрлерін, қасиеттері мен басқа сипаттамаларын зерттеу болжанып отырғандығына сүйіне отырып анықтайды.
Іздеу объектісін (нысанын) таңдап алғаннан кейін әзірлеуші (студент) көрсеткіштер бойынша ӘОЖ индексін (ғылыми-техникалық әдебиетті іздеу үшін) және ХПЖ индексін (патент құжаттамасын іздеу үшін) анықтайды.
Одан кейін іздеу жүргізілетін ақпаратты, елді іздеу тереңдігі (өткенді шолу), патенттік-ақпараттық зерттеулерді орындау барысында зерделенуі тиіс ақпарат көздері анықталады.
Қазақстан Республикасында өнертабысқа патент алу мақсатында өтінім ресімделіп жатқан, мәлімделген техникалық шешімнің патентқабілеттілігін анықтау үшін ұқсастарын айқындау мақсатында патенттік зерттеулер жүргізу кезінде Қазақстанға қатысты ғана емес, Австрия, Австралия, Ұлыбритания, Германия, Канада, Корея, Ресей, бұрынғы КСРО, Швейцария, АҚШ, Франция мен Япония елдерінің де, сонымен қатар өнеркәсіптік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге қатысы бар ұйымдардың: Зияткерлік меншіктің бүкілодақтық ұйымы (ЗМБҰ), Еуропалық патенттік ұйым (ЕПҰ), Еураазиялық патенттік ұйым (ЕАПҰ), Өнеркәсіптік меншіктің Африка аймақтық ұйымы (ARIPO) патенттік құжаттамасын зерделеу ұсынылады.
Патенттік құжаттама зерделенетін жоғарыда аталған елдер мен ұйымдар тізімін патенттік кооперация туралы шарттың (РСТ) 34-нұсқауының ережелеріне сәйкес құрастырады.
Белгілі ұқсас объектілермен салыстырғанда әзірленген техника объектісінің қол жеткізілген техникалық деңгейін анықтау мақсатында патенттік іздестіру кемінде РСТ кіретін елдер мен ұйымдар тізбесін кеңейтуді топшылайды, себебі зерттеу жүргізілуі тиіс сол ел әзірленіп жатқан объектінің қатысы бар ғылым мен техниканың сәйкес саласында жетекші орын алады және де назардан тыс қалатыны осы елде жасалатын техникалық шешімдерге арналған патенттік және патенттік емес құжаттаманы зерделеу техниканың әзірленетін объектісіне жүргізілетін техника деңгейін талдау нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.
Қол жеткізілген техникалық деңгейді және техниканың даму тенденциясын анықтау мақсатында аналогтарын іздеу тереңдігін (ретроспективтілігін) белгілеу кезінде техниканың осы түрінің даму тенденциясын анықтау үшін жеткілікті мерзім (орташа 5-тен 15 жылға дейін) бекітіледі. Мұнда шынайы көріністі алу үшін нақты бір салада техниканы жаңарту мерзімін және белгілі бір уақыт аралығында осы бағыттағы техниканың айқындалған даму тенденцияларын ескеру керек.
Өнімді ары қарау өндіру және нарыққа, ішкі (ұлттық) ғана емес, сонымен қатар  сыртқы (экспорт) нарыққа шығару мақсатында жасаған кезде міндетті түрде өнім шығарылатын елге де, ол өнім жеткізілетін елдерге де қатысты патенттік тазалықты айқындау үшін зерттеу жүргізу керек.
Жасалатын объектінің патенттік тазалығына сараптама жүргізу мақсатында патенттік іздеуді жүзеге асыру барысында патенттік қорлар бойынша тексеруге тиісті осы объектінің техникалық шешімдеріне және басқа элементтеріне қатысы бар қолданыстағы барлық қорғау құжаттары айқындалады.
Объектінің патенттік тазалығына сараптама жүргізу кезінде іздеу ретроспективасы (тереңдігі) сол елдегі қорғау құжаттарының қолданылу мерзімімен, оны ұзарту мүмкіндігін ескере отырып анықталады.
Іздеу елдерін таңдау кезінде орындаушы жүргізілген патенттік зерттеулердің міндеттерін басшылыққа алуы тиіс.
Патенттік зерттеулер нәтижелерін шаруашылық жүргізуші субъект қызметімен және олар қабылдайтын шешімдерді негіздеумен байланысты құжаттарды әзірлеу кезінде пайдаланады, оның ішінде:

  • болжамдар, бағдарламалар, бизнес-жоспарлар, техника объектілері өндірісі мен қызметтер көрсетуді құру және дамыту жоспарлары;
  • шарт құжаттамасы;
  • ҒЗЖ мен ТКЖ орындаудың жоспарлы-техникалық құжаттамасы (мысалы, тақырыптық карточкалар, өнімді, тапсырыс берушінің бастапқы талаптарын, техника-экономикалық негіздемелерді, техникалық және тактика-техникалық тапсырмаларды жасау және игеруге өтінімдер);
  • есептік ғылыми-техникалық, конструкторлық, технологиялық, жобалық құжаттама, техникалық талаптар (техникалық сипаттамалар), жасалған өнім стандарттары, сонымен қатар ғылыми-техникалық өнімді тапсыру-қабылдау актілері;
  • өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын бағалаумен, оны жаңарту немесе өндірістен алып тастаумен байланысты құжаттамалар;
  • елімізде және шетелде өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды қамтамасыз етумен байланысты құжаттама (өнертабыстар, пайдалы үлгілер, өнеркәсіптік нұсқалар, тауар белгілері);
  • шаруашылық жүргізуші, шетелдікті қоса алғанда (атап айтқанда лицензия алу арқылы) басқа субъектілердің тәжірибесі мен білімдерін пайдалану үшін, сонымен қатар керекті жеткізілімді, оның ішінде жабдықтар, жинақтаушы бұйымдар, шикізат импорты бойынша қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттама;
  • ішкі және сыртқы нарықтарда техника объектілерін өндіріске қоюмен, техника объектілерін, өнеркәсіптік меншік объектілерін және қызметтерді сатумен байланысты құжаттама (мысалы, СТ ҚР МемСТ 15-011-96, жарнамалық материалдар, өнімді шығару және жеткізу туралы шарттардың жобалары; лицензия сатуға дайындалумен байланысты құжаттама);
  • елімізде және шетелде өнеркәсіптік меншіктің қорғалатын құқықтарының шамалы бұзылуы туралы мәліметтерді айқындау және бағалаумен байланысты құжаттама;
  • шаруашылықты жүргізетін субъектінің ғылыми-техникалық, патенттік және коммерциялық саясатын қалыптастыру және іске асыруға қатысты құжаттамалар;
  • инвестициялық саясатты қалыптастыру әрі іске асырумен және несиелендірумен, инвестициялық ұсыныстар және жобалар дайындаумен байланысты  құжаттамалар;
  • шаруашылық жүргізетін субъектінің салық жеңілдіктерін алу құқықтарын растайтын құжаттамалар;
  • мазмұны патенттік зерттеулер нәтижесіне негізделуі мүмкін басқа құжаттамалар.

Патенттік зерттеулер нәтижелерін пайдаланып, әзірленген құжаттарда қажет болған жағдайда дереккөзге – патенттік зерттеулер туралы есепке сілтеме жасалып, оның реквизиттері көрсетіледі.
Патенттік зерттеулердің нәтижелерін шаруашылық жүргізуші субъект өткізген жалпы жұмыс, жұмыс кезеңдері, техника объектілерінің өмірлік циклі сатыларының нәтижелерін қарастыру, қабылдау және қолдану үшін бекітілген тәртіпте қарастырады және пайдаланады.
ҚР МЕМ СТ Р 15-011-96 стандартына сәйкес патенттік зерттеулер туралы есепте төмендегілер болу керек:

  • титул парағы;
  • орындаушылар тізімі;
  • мазмұны;
  • қысқартулар, шартты белгілер, символдар, бірліктер, терминдер тізімі;
  • зерттеу объектісі туралы жалпы мағлұмат;
  • негізгі (аналитикалық) бөлім;
  • қорытынды;
  • қосымшалар.


Патенттік іздеудің негізгі түрлері: пәндік, атаулы (немесе фирмалық), нумерациялық, ұқсас патенттер. Патенттік іздеу түрін таңдау іздеудің қажетті тереңдігі мен уақыттық шектеулер сияқты іздеп жатқан тұлға немесе ұйымның іздестіру мүмкіндіктерімен де анықталады.
Заттық іздеу негізгі және жиі қолданылатын болып табылады. Іздеудің бұл түрінде техникалық міндет (іздеу нысанасы) қалыптасады, патенттік жіктелім айдарының (айдарлар) таңдауы іздеудің тақырыптық аясы шектеледі, қажетті уақыт аралығына қатысты патенттік материал айқындалады және талданады.
Атаулы (немесе фирмалық) – іздеу өнертапқыштың (өнертапқыштардың) аты (аттары) немесе фирманың атауы белгілі болған жағдайда жүргізіледі. Іздеудің бұл түрін заттық іздеу толықтырады.
Нөмірлік іздеу – қорғалатын құжаттың номері белгілі және оның номері бойынша өнертабыс, пайдалы мобель, өнеркәсіптік үлгі туралы білу қажет болғанда жүзеге асырылады.
Патент-аналогтарды іздеу – бір елде берілген және артынша басқа елде патенттелген патенттерді табу үшін, яғни бір өнертабысқа патенттелген әр елде берілген патенттер анықталады.
Егер маманды қызықтырған патент сирек тілде (мысал, жапон) табылса, іздеудің бұл түрін қолданған дұрыс болады, себебі патент-аналогтар осы өнертабыс сипаттамасымен басқа түсінікті тілдерде (мысалы, ағылшын) танысуға мүмкіндік береді.
Одан басқа, бұл түрді заттық іздеу толықтырады және патенттерге берілетін толық сипаттамалармен егжей-тегжейлі танысу кезеңінде жүргізіледі.
Көбінесе іздеуді төмендегі өлшемдер бойынша жүргізуге болады:

  • жүйелік іздестіру (ӨХЖ индексі бойынша);
  • лексикалық іздестіру (кілт сөздер арқылы);
  • авторлық іздестіру (автор атымен);
  • фирмалық іздестіру (тапсырыс берушінің аты бойынша);
  • жарияланым мәліметтері бойынша іздестіру (жарияланым нөмірі мен күні бойынша);
  • артық мәліметтер арқылы іздестіру (конвенциялық өтінім номері мен күні бойынша);
  • өтінім мәліметтері бойынша іздестіру (өтінім номері мен күні бойынша).

Іздеу нысанын (объектісін) патенттік зерттеулердің нақты міндеттеріне, объектінің (құрылғы, тәсіл, зат) санатына, сонымен қатар оның қандай элементтерін, өлшемдерін, қасиеттері мен өзге сипаттарын зерттеу ұйғарылғандығына негізделе отырып анықтайды.
Егер патенттік зерттеулер тақырыбы құрылғы (машина, құрал), мысалы, колбаса пісіруге арналған куттер, термоагрегат, пісірілген колбаса өндірісінің компрессоры, желісі болса, онда іздейтін зат төмендегідей болуы мүмкін:

  • жалпы құрылғы (жалпы құрастыру, принципті сызба);
  • құралдың жұмыс істеу принципі (тәсілі), мысалы, кілегейді айыру сепараторының жұмыс істеу принципі;
  • түйіндер мен бөлшектер, мысалы, жүкті өзі түсіретін араластырңыштағы аудару механизмі, автоклавтардағы клапан;
  • құрылғының жеке элементтерін дайындау үшін пайдаланылатын материалдар (заттар), құрылғына дайындау техологиясы, мысалы, үй жағдайларында тамақ дайындау кезінде қолданылатын СВЧ-пештер камерасының қаптау материалы;
  • өзара қолдану салалары: мысалы, араластырғыштар құрылыста, химия, тамақ өнеркәсібінде де қолданылуы мүмкін (егер дипломдық жобаның тақырыбы құрамына араластырғыштар кіретін колбаса өнімдерінің жаңа желісін шығару болса, патенттік және ғылыми-техникалық әдебиетте тартылған етті араластыруға арналған араластырғышты іздеу керек, бұл ретте құрылыста, химия өнеркәсібінде қолданылатын араластырғыштарға қатысты техникалық шешімдерді қарауды ұмытпау керке).

Егер патенттік зерттеулер тақырыбы технологиялық процесс (мысалы, ет консервілерін, колбаса өнімдерін шығару) болса, іздейтін заттар төмендегідей болуы мүмкін:

  • жалпы технологиялық процесс, егер олар дербес қорғауға қабілетті объект түрінде болса, олардың кезеңдері (консервілерді стерильдеу, колбаса өнімдеріне арналған тартылған етті дайындау);
  • бастапқы өнімдер, мысалы, колбаса өнімдері өндірісінде тұздауға арналған, ұсақталған сіңірлі ет, консерві банкаларына (ыдыстар) арналған қаңылтыр;
  • аралық өнімдер (колбаса фаршы) мен оларды алу тәсілдері (етті зырылдауықта ұсақтау, араластырғышта фарштың құрамдас бөліктерін араластыру);
  • соңғы өнімдер (термиялық өңдеуден өткен колбаса батондары, стерильденген консервілер) және олардың қолданылу аясы (асқазан ауруларын емдеу үшін емдік қасиеті бар ашытылған сүт өнімдерін қолдану);
  • базасында осы әдіс іске асырылатын жабдық (консервілерді стерильдеуге арналған автоклав, ет өнімдерін салқындатуға арналған тоңазытқыш қондырғы).

Егер патенттік зерттеулердің тақырыбы зат болса, онда іздеу нысаны төмендегідей болады:

  • заттың өзі (оның сапалық немесе сандық құрамы), мысалы, колбаса фаршы (оның рецептурасы);
  • затты жасау тәсілі, мысалы, қышқыл сүт өнімдерін, оның ішінде сүзбе жасау тәсілі;
  • бастапқы материалдар (қышқыл сүт өнімдерінің өндісінде пайдаланылатын пастерленген сүт, бактериалды ұйытқы);
  • қолданылуы мүмкін салалар (бактериалды ұйытқыларды қышқыл сүттің де, еттің де өнімдерін шығаруда қолдануға болады).

Егер дипломдық жоба машиналар жүйесін құрастырумен байланысты болса (мысалы, қосымша өнімдерді өңдеудің механикаландырылған желісі), онда декомпозицияны құрамдас бөліктерге жүргізеді де іздеу нысаны машина жүйесінің әр құрамдас бөлігі болады.
Патенттік зерттеулер барысында патенттік және патенттік емес құжаттама зерделенеді.
Патенттік зерттеулер материалдарындағы «Өнімді жасау және өндіріске шығару жүйесі. Патенттік зерттеулер. Жүргізу мазмұны мен тәртібі» ҚР МЕМ СТ Р 15-011-96 ұсыныстарына сәйкес тиісті мезгілдік және қызметтік бірізділікте жүйелендірілгенөнертабыстар мен пайдалы үлгілердің толық сипаттамалары барынша құнды болады. Бұл өнертабыстардың толық сипаттамалары патенттік ақпаратты бере отырып, ақпараттың басқа түрлерінің алдында бірқатар басымдықтарға ие болуымен түсіндіріледі, ол төмендегілерге байланысты:

  • өнертабыстардың сипаттамалары әлемнің жетекші фирмаларының соңғы жетістіктері туралы мәліметтерден тұрады, олар ақпараттың басқа түрлерінде тек 20-30 %-ға қайталанады;
  • өнертабыстар сипаттамасының құрылымы стандартты, бұл зерттеушіге таныс тілде жұмыс жасауды жеңілдетеді;
  • өнертабыс туралы ақпарат оңай жүйелендіріледі, бұл іздеу жүргізуді және іздеудің мәліметтер базасы мен компьютерлік жүйесін қалыптастыруды жеңілдетеді;
  • ең маңызды (тиімді) өнертабыстарды бір уақытта бірнеше елде патенттейді (патент-аналогтар), бұл өтінім беруші, патент иегері, өнертапқыш, фирманың атауы, мекенжайы туралы мәліметті жеңіл анықтауға мүмкіндік береді;
  • өнертабыстардың сипаттамалары осы өнертабысты пайдаланған кезде өнімнің қандай техника-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруы мүмкін екендігі туралы ақпараттан тұрады.

Іздеу жүргізу тапсырмасының бастапқы өлшемдеріне сәйкес іздеу барысында жүйелендірілген және іріктелген ғылыми-техникалық ақпарат төмендегілерді ішінара анықтауға мүмкіндік береді:

  • өнімді жасау және коммерциялық тұрғыдан іске асырудың әртүрлі кезеңдеріндегі техникалық деңгей;
  • өнімнің осы түрінің нарығындағы бәсекелестік жағдайлар;
  • әзірлеу барысында жасалған ғылыми-техникалық жетістіктерді құқықтық қорғау мүмкіндігі;
  • өнімді нақты бір қала нарығында кедергісіз сату жағдайлары (патенттік тазалық сараптамасы).

Патенттік зерттеулер ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-құрылымдық жұмыстардың құрамдас бөлігі бола тұра, бәсекелес күрес арсеналында күшті стратегиялық құрал болады, оны шаруашылық жүргізуші субъектілер зияткерлік меншікті қарастыру кезінде зерттеулер мен әзірлемелер процесінің ажырамас стратегиялық компоненті ретінде қолданулары тиіс.

{spoiler title=Өнертабыстардың жіктелімі opened=0}
1975 жылғы 7 қазанда күшіне еншен Өнертабыстардың халықаралық жіктелімі (ӨХЖ) жарияланған патенттік өтінімдер, авторлық куәліктер, пайдалы үлгілер мен пайдалылық туралы куәлікті (бұдан әрі «патенттік құжаттар» деген бір терминнен аталады) қоса отырып, өнертабысқа берілген патенттерді қамтитын жіктелімнің бірыңғай жүйесін құруды қарастырады.
1971 жылғы 24 наурыздағы халықаралық патенттік жіктелім туралы Страсбург келісімі негізінде қабылданған және қызметтік-салалық қағида бойынша құрылған Өнертабыстардың халықаралық жіктелімі өнертабыстар туралы мәліметтерді халықаралық ауқымдағы біркелкі топтастыру және іздеу үшін негізгі немесе қосымша құрал ретінде қолданылады.
ӨХЖ объектілері қорғау құжаттарымен қорғалуға жатуы мүмкін салалардың барлығын қамтиды.
ӨХЖ шартты атаулары бар және латын алфавитінің А-дан Н-қа дейінгі бас әріптерімен белгіленген 8 тарауға бөлінген:
А бөлімі – Адамның өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру (Human Necessities)
В бөлімі - Әртүрлі технологиялық процестер; тасымалдау (Performing Operation; Transporting)
С бөлімі - Химия және металлургия (Chemistry, Metallurgy)
D бөлімі - Текстиль; қағаз (Textiles; Paper)
Е бөлімі - Құрылыс; кен ісі (Fixed Construction)
F бөлімі - Механика; жарықтандыру; жылыту; қозғалтқыштар мен сорғылар; қару; оқ-дәрі; жару жұмыстары (Mechanical Engineering; Lighting; Heating; Weapons; Blasting)
G бөлімі – Физика (Physics)
Н бөлімі - Электр (Electricity)
ӨХЖ құрылымының иерархиясы білімнің барлық салаларын бірнеше классификациялық деңгейге бөлуден көрінеді. Иерархияның бұл деңгейлері кері тәртіпте тараулар, кластар, класс тармақтары, негізгі топтар мен шағын топтарға сәйкес келеді.
Толық жіктелімдік индекс тараулар, кластар, класс тармақтары және негізгі топтар мен шағын топтарды белгілеу үшін қолданылатын символдар комбинациясынан тұрады.

ӨХЖ айдарын іздеу нысанын (объект) негізге ала отырып анықталады.

Әр тарау араб сандарымен белгіленген кластарға бөлінеді.  
Класс бір немесе одан көбірек класс тармақтарынан тұрады. Класс тармағының индексі класс индексі мен латын алфавитінің бас әрпінен тұрады.
Класс тармағы тараушаларға бөлінген, олар «айдарлар» деп аталады. Айдарлар ішінде негізгі (басты) топтар мен шағын топтар ажыратылады.
ӨХЖ бөлшек айдарының индексі класс тармағы индексінен тұрады, одан кейін қиғаш сызықпен бөлінген екі сан келеді.
Негізгі топтың индексі класс тармағының индексінен тұрады, одан кейін бір- екі- немесе үш таңбалы сан, қиғаш сызық пен 00 символы келеді.
Негізгі топтың мәтіні іздеуді жүргізу анағұрлым орынды деп есептелетін техника саласын дәл анықтайды.
Шағын топ индексі. Шағын топтар негізгі топқа бағынатын айдарларды құрайды. Шағын топ индексі класс тармағының индексінен тұрады, одан кейін сол шағын топ бағынышты негізгі топтың бір- екі- немесе үш таңбалы номері, қиғаш сызық және қалай болғанда да 00-ден басқа екі цифр келеді.
Шағын топ мәтіні оның бас тобының көлемінде ұғынылады және іздеуді жүргізу анағұрлым орынды деп шамаланған тақырыптық саланы анықтайды.  Шағын топ алдында бір немесе одан көбірек нүкте қойылады, олар оның бағыныштылық дәрежесін анықтайды, яғни бұл топтың жақын жоғары тұрған, аз жылжумен басылған, яғни бір нүктесі аз айдарға бағынышты айдар болып табылатынын көрсетеді.
Барлық жағдайларда шағын топ мәтіні шағын топ бағынышты болатын жоғары тұрған үлкен айдар мазмұнының шегінде ұғынылуы тиіс.

{/spoiler}

Презентация. Интернет-ресурстарын патенттік құжаттаманы іздеу үшін пайдалану

Қосымша ақпаратты мына мекенжайдан біле аласыздар: Павлодар қ., Ломов к-сі, 45, 109-каб., тел. 8(718 2) 67-16-40.

Подробнее: Өнертапқыштарға

Әлеуметтік-гуманитарлық мәселер институты

Ғылыми-зерттеу институты қызметінің негізгі түрі төмендегі салалар бойынша ғылыми-зерттеу қызметі болып табылады:

  • педагогика;
  • психология;
  • тіл, әдебиет және мәдениетаралық қарым-қатынас.

Директоры — филол.ғ.д., профессор Бейсембаев Амангелді Рақышұлы.

Мекенжайы: Павлодар қ., М.Горький к-сі, 102/4, № 3 ғимарат, 620б каб.

Подробнее: Әлеуметтік-гуманитарлық мәселер институты

Подкатегории