Түлектер жәрмеңкесі

Баспасөз хабаршысы. Жүктеу

Неге мен ИнЕУ түлектерін таңдаймын. Жұмыс берушілердің пікірлері

Вячеслав РУФ, "Рубиком" ЖШС басқарма төрағасы:
- ИнЕУ – жетістікке бағытталған ииновациялық ойлау қабілеті бар мамандар даярлайтын ЖОО. Университетті бітірген соң, олар оқуға деген ынталарын жоғалтпайды, алда өздері жұмыс жасайтын өндірістің ерекшеліктерін қызығушылықпен игеріп, жаңа технологиялық процестерді басқару дағдыларын меңгереді. Бізге осындай мамандар қажет.

Тұрарбек РАҚЫШ, «Ромат» ФК президенті:
- Біздің компания – Қазақстандағы фармацевтикалық өнім өндірушілері арасында көшбасшы. Бүгінгі таңда бізде ондаған мамандар жұмыс істейді, олардың қатарында химик-технолог, биотехнолог, экономистер, менеджерлер, бухгалтерлер, аудармашылар. Олардың көпшілігі – заманауи өндірістің қатаң критерийлеріне жауап беретін ИнЕУ түлектері.

Бахыт БЕКСЕИТОВА, Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы:
- Бүгінгі таңда мектепке әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу жағдайларындағы біздің қоғамның дамуының қазіргі талаптарына жауап беретін педагогикалық кадрлар аса қажет. Мұғалімдердің жоғары буынын жас педагогтар алмастырып жатыр, олардың ішінде Инновациялық Еуразия университетінің түлектері де аз емес. Оларды кәсіби құзыреттіліктері мен жұмысқа шығармашылықпен қараулары, өзін-өзі дамытуға және білімін жетілдіруге деген талпыныстары даралайды.

Подробнее: Түлектер жәрмеңкесі

Түлектердің резюмелері

Түлектердің резюмелері

ИнЕУ түлектерінің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жақсы. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Германияда, АҚШ-та, еуразиялық кеңістіктің өзге де елдерінде еңбек етіп, біліктіліктерін жетілдіреді. Түлектерді жұмыспен қамтуда ықпал етуді және практикаларын ұйымдастыруды Кәсіби дамыту бағдарламалары және карьера орталығы жүзеге асырады.

ИнЕУ түлектерінің жұмысқа орналасуын төмендегілер қамтамасыз етеді:

  • білім беру бағдарламаларының сапасы;
  • оқытушылардың кәсіби шеберлігі;
  • оқу үрдісіне жаңа курстар мен мамандандыруларды енгізу;
  • аймақтың жетекші кәсіпорындарында кәсіби тәжірибеден өту;
  • жұмыс берушілердің оқу үрдісіне қатысуы, дипломдық жобаларды өндіріске шығып қорғау;
  • ЖОО түлектерін ақпараттық-кеңес беру арқылы қолдау;
  • аймақ кәсіпорындарының кадрлар қызметімен байланыс жасау.

Резюме выпускников 2018 года

Резюме выпускников 2017 года

Резюме выпускников 2016 года

Резюме выпускников 2015 года

Резюме выпускников 2014 года

Резюме выпускников 2013 года

 

Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады: Павлодар қ., М.Горький к-сі, 102/4, к.217, тел.: +7(7182) 8 (7182) 31-42-96, 31-42-38 (104), e-mail: umo1@ineu.kz

Подробнее: Түлектердің резюмелері