Жалпы ақпарат

Білім алушыларға академиялық ұтқырлық пен білім беру бағдарламаларының еуропалық білім беру кеңістігінде мойындалуын қамтамасыз ету үшін қазақстандық кредиттерді ECTS кредиттеріне қайта есептеу қажет.
ECTS шеңберіндегі академиялық кредит – бұл аудиториялық сабақтағы да, өздік жұмысы кезіндегі де пәнді оқу еңбек сыйымдылығының өлшем бірлігі. ECTS бір кредиті 25-30 академиялық сағатқа тең.

Қазақстан Республикасының кредиттерінде көрсетілген пәндерді ECTS кредиттеріне қайта есептеу үшін 1-кестедегі мәліметтер қолданылады.

{spoiler title=ҚР кредиттерін ECTS кредиттеріне қайта есептеу opened=0} 

1-кесте

Білім беру деңгейі ҚР кредиттері Көшіру коэффициенті ECTS кредиттері
Бакалавриат 1 кредит 1,5-тен 1,8-ге дейін 2 кредит
Бейіндік магистратура 1 кредит 2-ден 2,4-ке дейін 2 кредит
Ғылыми және педагогикалық магистратура 1 кредит 2,5-тен 3-ке дейін 3 кредит
Оқу тәжірибесі 1 кредит 0,5-тен 0,6-ға дейін 1 кредит
Педагогикалық тәжірибе 1 кредит 1-ден 1,2-ге дейін 1 кредит
Өндірістік тәжірибе 1 кредит 2,5-тен 3-ке дейін 3 кредит
Зерттеу тәжірибесі 1 кредит 4-тен 4,8-ге дейін 5 кредит
Магистранттың ғылыми (экспериментальды) — зерттеу жұмысы 1 кредит 4-тен 4,8-ге дейін 5 кредит
Білім алушының қорытынды аттестациясы 1 кредит 3,2-ден 4,5-ке дейін 5 кредит


Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесіне негізделген Қазақстан Республикасының білімді бағалау жүйесіне кредиттер беруді қарастыратын он оң баға (А-дан D-ға дейін) және кредиттер берілмейтін, қанағаттанарлықсыз бір F бағасы кіреді.

{/spoiler}

2-кесте

ECTS бойынша бағалар Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті/баламасы %-дық
мөлшері
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
А А 4,0 100 Өте жақсы
В В+ 3,33 85 Жақсы
С В 3,0 80
D С 2,0 65 Қанағаттанарлық
E D 1,0 50
FX, F F 0 0 Қанағаттанарлықсыз

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесін ECTS бойынша ауыстыру 3-кестеге сәйкес жүргізіледі.

3-кесте

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті %-дық мөлшері Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар ECTS бойынша бағалар
А 4,0 95-100 Өте жақсы А
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы В
В 3,0 80-84 Жақсы С
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69 Қанағаттанарлық D
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54 Қанағаттанарлық E
F 0 0-49 Қанағаттанарлықсыз FX, F

ИнЕУ-дегі академиялық ұтқырлық туралы ереже