Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы

Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ) – студенттің оқу бағдарламасы аясында, сонымен қатар арнайы бағдарламалар бойынша жүзеге асырылатын төмендегідегілерге бағытталған қызметі:

  • зерттеу жұмысына деген уәждемені қалыптастыру;
  • студенттің танымның ғылыми әдісін игеруіне, оқу материалын шығармашылықпен және терең меңгеруіне ықпал ету;
  • зерттеу қызметі арқылы өзінің болашақ мамандығына деген шығармашылық қатынасты тәрбиелеу;
  • студентті ғылыми-техникалық міндеттер мен ғылыми-теориялық мәселелерді өздігінен шешу әдістемелері және құралдарына үйрету.

СҒЗЖ түрлері: Виды НИРС:

  • оқу үрдісіне және СҒЗЖ кіретін оқу-зерттеу жұмысы;
  • оқудан тыс уақытта орындалатын зерттеу жұмысы.

Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау барысында жүргізілетін ғылыми зерттеулер, оқу үрдісіне кіретін СҒЗЖ негізгі формасы болып табылады.
ИнЕУ кафедраларында жұмыс істейтін студенттік ғылыми үйірмелер, оқудан тыс уақытта орындалатын СҒЗЖ-ның негізгі формасы болып табылады.
Ғылыми үйірмелер мен шығармашылық топтардың жетекшілері университеттің тәжірибелі педагогтары болып табылады.

ИнЕУ студенттері арасындағы үздік ғылыми жұмыс конкурсы туралы ереже

Студенттік ғылыми үйірме – зерттеу бағыттары бойынша ұқсас бір немесе бірнеше ғылыми міндеттермен (мәселелермен) жұмыс істеуге біріктірілген шығармашылық ұжым.

Шығармашылық топтар мен студенттік ғылыми үйірмелер жұмысы туралы қосымша ақпаратты ғылыми-ұйымдастыру жұмыс бөлімінен төмендегі мекенжай бойынша біле аласыздар: Павлодар қ., Ломов к-сі, 45, 109-каб.. Тел.: 8 (7182 2) 67-16-40.