«АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ

User Rating:  / 1
PoorBest 

С.А.Нурмагамбетова, 10 «А» сынып оқушысы
№ 39 инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебі,

Павлодар қаласы, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қазіргі қазақ фразеологиясы –зерттелмеген тұсы әлі де көп тіл білімінің бір саласы. Тұрақты сөз тіркестерінің мәселелері қазіргі таңда тіл ғылымында актуалды проблемалардың бірі есебінде зерттеліп жүр, өйткені фразеология- тіл мәдениетін арттырып, шеберлікке үйрететін сөз өнерінің асылы. Халықтық сана-сезім, салт-дәстүр, мәдени тұрмыс тарихын бейнелейтін фразеологизмдерді оқып танымайынша, тіл байлығын, тіл ерекшелігін түсініп, толық ұғыну мүмкін емес. Фразеологизм алдымен адамдардың ой-сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді, сондықтан өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. Тіл байлығын сөз еткенде алдымен Абай атамызды еске аламыз. Абайды бүкіл әлемге танытқан біріншіден: өлеңдері мен қара сөздері болса, екіншіден: М. Әуезовтің «Абай жолы» еңбегі болды. Сондықтан зерттеу жұмысымыздың мақсаты- еңбекте қолданылған фразеологизмдерінің қыр-сырын ашу. Біз бұл еңбегімізде роман- эпопеяның 2 томында қолданған фразеологизмдерді беттерімен теріп, түсініктеме жасадық. Зерттеу жұмысының жаңалығы: Абай бұрынғы фразеологизмдерді өзгертіп қолданғанда, екі түрлі әдіске жүгінген: бірі- тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің бір-екеуін өзге сөздермен ауыстырып қолдану, екіншісі - тілде қалыптасқан тұрақты тіркестің идеясын алып, соның ізімен жаңасын жасау. Абай қазақ әдеби тілінің,оның ішінде өлең тілінің фразеологиялық құрамын байытып, жаңа түрлерін қосты.

В настоящее время казахская фразеология –одна из не изученных областей языкознания. Фразеологизмы выступают в качестве средства образного отражения мира, они вбирают в себя мифологические, религиозные, этические представления народов разных эпох и поколений. Именно поэтому роль фразеологизмов в нашей речи очень заметна. Уместно употребленные фразеологизмы оживляют и украшают как устную речь, так и литературно-художественные произведения. Наверное поэтому, проблема исследования фразеологизмов является актуальной для современной лингвистики. Ведь работа над исследованием фразеологизмов продолжается до сих пор. В лингвистике просматриваются различные направления, изучающие фразеологизмы. Фразеологизмы в первую очередь выражают чувства людей, взаимоотношения, и их кругозор, поэтому фразеологизмы практически охватывают все сферы жизни и очень богаты по содержанию. Когда мы говорим о богатстве языка, то сразу вспоминаем Абая. Абая вознесли во всем мире: песни и слова назидания и труд Мухтара Ауезова «Абай жолы». Таким образом цель нашей исследовательской работы раскрытие тайн фразеологизмов. Мы в этмй роман – эпопее, исследовали 2 тома и написали комментарии. Новизна исследовательской работы : применение Абаем Кунанбаевым двух методов, во- первых чтобы изменить использованные фразы другими словами и использовать их в речи, во-вторых уловить идею устойчивых выражений и создать новые. Абай обогатил казахскую литературу, использовав в своих песнях фразеологические обороты, и составил новые виды.

Currently, Kazakh phraseology - one of the unexplored area of linguistics. Idiom serve as a means of imaginative reflection of the world, they absorb mythological, religious, ethical representation of the peoples of different eras and generations. That is why the role of phraseology in our speech is very noticeable. Eaten idioms appropriate to enliven and decorate as a spoken language and literary works. Perhaps that is why, the problem of phraseology research is relevant to modern linguistics. After work on the study of phraseology is still ongoing. In linguistics view different areas, studying frazeologizmy.Frazeologizmy primarily express people's feelings, relationships, and their outlook, so idioms almost cover all areas of life and are very rich in content. When we talk about the richness of the language, it immediately reminded of Abai. Abaya propelled worldwide: songs and words of edification and work M.Auezov "Abai Joly". Thus the aim of our research work uncovering the mysteries of phraseology. We are in this novel - the epic, issledovavali 2 volumes and written comments. The novelty of the research: application of the two methods in the first place that would change the phrase used Abaya other words and use them in speech, and secondly to grasp the idea of fixed expressions and create new ones. Abai Kazakh literature using enriched in their songs turns of phrase, and made new species.

 

Мұқтар Әуезовтің «Абай жолы» еңбегінің 2 томында қолданған фразеологизмдері (беттері, түсініктемелері бірге): Көптің құлағына сіңген сөз /белгілі сөз 5- бет, - қомағай көздер /тойымсыз 8- бет,- жан берердей үзіліп айтқан арманды шерлері /орындалмаған армандары/,- дертті жүрек жоқтауы /арманды жүрек/,- жүзінің сыр толқыны көп әнші- ақын /сырлы ақын/,- арқан түйінінде тұншығып кеткен шер /орындалмаған арманнан туындайды/,- шыңнан аққан бұлақтай алыс өріс табады /жайыла біту/, - бұның алдына түсіп Шұбар сөйлеп кетті /бірінші боп сөйлеу/,- даурыға күлу /қатты күлу/,- шабыт қаршығасының қанат қағысына қадалу /әннің қандай шабытта жазылуын сынау/,- салқын көз тастау / ұнатпау11-бет, - көк қаршыға болаттай жалын ойнап шабытқа тіленеді /үлкен әсерде болу/,- қыңыр кесел боп өсіп келе жатқан /тентек 12- бет, - қорлық еттен өтіп сүйекке жеткен / титығына жету/, - аямасқа жем болып жатқан жұрт /таланып жатқан/,- жырақтан шапқан жаудан да жаман /сырттан келген жаудан бетер/, - көргеніміз бір тепкі / бір қиындық/,- көз ашылар күн бар ма, сірә бұл дерттен /құтылар күн 13- бет, - қайнай сөйлегенде / ашыну/,- отты тілді / турашыл/,- бас салып бақыртып тоңау /ашық тоңау/, көз жасынан тығылып туған өлең / жан күйзелісі/, - зар өтпес те, кәр өтпес топас жуан бітім /қатігез 14- бет,- ауыздағысын алғандай қып /тартып алғанда 15- бет, - айқайларды су сепкендей сөндіре берді / шуды басу/,- айнымалы ала бұлт /құбылмалы 17- бет, - уланып ойланды /қамығу/,- бөрілер заңы /қатал заң/,- қараңғы қара ну қиянат / зұлымдық/,- ащы ой /жанды жеген /,- істі аяқсыз қалдыруға болмайды/соңына жеткізу/18- бет, - жиреніш білдірді /жақтырмау/,- бояма мінез /алдамшы/,- екі жүзді айлалы жабысқақ кесел /құбылмалы/,- көңілашар мінезі /ашық/,- жүзі нұрлана балқып тұр /толықсу 19- бет, - күміс қоңыраудай күлкісі /ашық,/- ұрып- жығар қымыз /жаңа ашыған 20- бет,- шабытты талас үстінде /шығармашылық құлшыныс/,- ыза намысты отты сезім, - желілі әңгімені еспелеу /созу/,-түпкірлеп ойлау /тереңдеу/,- сүйсінгенмен, іргесін берген жоқ / білдірмеу22-бет,-алғашқы сөзім жесір қалды / қабылданбады/,- салқын көзін алмастан /ұнатпау/,- сиыр құйымшақтану/ азайып, кеміп біту 25- бет, - Абайды ішінен қыжыртып жатыр /мазалау/,- Көкпайша жоныңды көрсеті /тоқтамай/,- Көкпайша жоныңды көрсетіп /тоқтамай/,- әңгімелеріміздің бір иығы соған сүйенген еді / тірелу 26- бет, - суық сөз сөйлеген/ жаман хабар 27-бет,- мұрттай ұшқан /ауырып қалу28- бет,- сіңірі шыққан кедей/ жоқшылықпен өскен/,- бөрі көрген сиырдай мөңіреседі /шулау,/- ақ түйенің қарны жарылды /қуаныш 29- бет, - жылаған даусын құдай иді/ жамандықтан кейінгі жақсылық/,- қызыл көз пәлең келгенін білерсің/ бейнетің/,- ажарын аңдамақ /ыңғайын білу30-бет, - қабақпен табысатын ел /тату/, - бөрі көргенде бірігетін ауыл итінің мінезіндей /мәтел/,- шаң қаптырады / ұстатпайды/31-бет, - ауыл итінің құйрығы қайқы / мәтел/,- мешкей көмей /ашқарақ, - таспа тілгендей соқ/ жолақтау/,- шаш ал кесе, бас алғандай / сотқар32-бет,- қанын ішіне тартып сөйледі /сұрлану 33-бет,- зәрлі сын арқасына батып / сынды дұрыс түсіну 34-бет, - жемдеп жүрген досы /өз пайдасына икемдеу/ 35-бет, -іштей қамырық ететін /уайым ету/,- жан күйер жақындар/жаны ашитын/,- сыңар мүйіз бұғыдай көңіл /көңілсіздік/ - шам отындай көз /жарқыраған 36-бет,- ағылып отырған кең сабадай ақтарылып /ашылып/,- қолдыаяқты баладай /жұмсауға жақсы/,- бәйгеден ат келді дегендей қызу /мастану/,- жайлаудың ыстық күніне пысынағандай албырап /қысылу 37-бет - шошқаның жон түгіндей қалың бетті /ұятсыз/,- тас қағыстырмасын деп паралады /қарсы шықпастай/,- көгершін жұмыртқасындай шар /кішкентай 39-бет, - құдай ұрғандай тоқтап қалды /қалт тоқтады/,- жалғанның жартысы құлағандай шындық /ұятты 40-бет,- сілтейтін қара шоқпары /қорғанышы/,- қара жерге отырттым деп /жеңдім деп 41-бет,- қара борандатып кеткенмен /ашулы/,- қылшығы құрамағандай қымсынбайды /ұялмау/,- қылаң ұрып /біреу түрткендей/,- сеп болды /себеп болу/,- шетке шапқан шүйінші /алысқа кеткен/,- кебін киген келмейді, кебенек киген келеді /мәтел/,- жолдан үзіккен /шаршаған/,- қаланың ішін кернегендей хабар /шулы/,- жылдар салған жүдеу таңба /қажу/,- жүзіне қан жүгіргендей /оңалу/, - көзіне көз қадап /мұқият қарау/, - жабыла қапсыру үшін /ұстау 42-бет, - қоралай қоршап жүрген топ /аңду/, - орағытқан тұспалдарды айта жүрген /жасырған жайлар/,- жауының тұяғы мен аузы бар жағы
/күшті жау/,- жаудың жон жағы /осал жағы/,- орнымнан тайып қалатын болсам /кететін болса/,-бадырайып кеп басқа соққандай /бірден/,- күдіктің аяғы ұлғая берсе жарықшақ шығуға да болады /шегіне жетсе/,- алты қырдың астында /алыс/,-жаулықтын екі қабырғасын сүйеп отыратын екі босаға жасау /есеп 43- бет, - ер кеудеде кек деген өлексе боп шіріп кетсе /кек алынбаса/,- тұяқ серпер күнім болса /бас көтерер/,- мың асқанға бір тосқан /мақал/,- айла –тәсілдерінің сойыл-шоқпары етпек /біреудің қолымен істемек/,- удай ашыған ой, удай боп төгілген шер /жанға батқан/- алыстан арбасарлық өштік /жылдарға созылған 44- бет,- құның жеті қойлық бестімен тең /арзан 45- бет,-салқын қабақпен қарсы алған /жақтырмау/,- тәлім болса жарады, тәйтік шығып жүрмесе /мәтел/,- мылтық атылғандай жарыла шыққан мысқыл /жаратпау48- бет,- майдай жағып барады /ұнату 49-бет, - көңіл жарасын қуғандай /сергу/,- кекшіл қыран нәсіліндей /ұзақ кек сақтау /50-бет,-сорлының сырын сор кешкен біледі ғой /мәтел52-бет,- тұзы сор, еңбегі аш қаракет /өнімсіз/,- ашпа жалап, күйін шағып жылау /жоқшылық53-бет,- сыйдиған бойлы, қурайдай қатқан /арық/- тұмсығың тасқа тигендей /сый көрмеу 54-бет,- шерменде інің айтады /мұнды/,- ойының бір желісі /бағыты/,- тікие сояуланған Дәркембай /арықтаған/,- жүдеу қабақпен айтқан сөз /шарасыз/, - өлмелі өгіздің басына ілінген мойынағаштай өмір /сүйрендеген/- ит қорлық бейнет /ашты 55-бет- көзім тіріде /жаны барда/,- кемпірді қолына ал деген екен /бірге тұру/,- ден қойып тыңдау /мұқият,/- басын тауға да, тасқа да соққан /қиындық көрген/, - менің қолыммен от көсемек /мен арқылы істемек/,- сырыңды соларға қоспа /айтпа 56- бет,- қайрандап тұрған шағында қақсата бір ұр /өлмелі шақ/,- жер мен жердің түгі зор сордың түбі / жаман жер/,- елдің көрген қатты тепкісі /езгіде/,- Әбдінің орағы Әзімбайдың қалтасын қырықса /алғанын қайтарса/,- ел мойнындағы ерке /жас бала/,- өлі ет асып беру /мал соймау57-бет, - салқын, сызды қабағын ашқан жоқ/ұнатпау/,- қу зымиян үй іші /арамы адамдар/,- бақал есеп/өз пайдасы,/- суық қарады /жақтырмау/,- ұстап ал да, үйітіп же /не істесең де еркін/,- мазасыз сөз /көңілдегі ой/,- тамағына болымсыз бірене тыққан болатынсың /алдау/,- менің етімнен өтіп, сүйегіме жеткен соның тіс – тырнағы /озбырлығы 59- бе,- өлердей тоңмойын, томырық /түйсіксіз/,- жібімес тоңдай оралып отыр /ұмытпай/,- арлы сыр /өнегелі/- жирене жек көрді /шошу/,- арсыз тіл /ұятсыз/,- қандай қажығандай қайрат етіп ең /не істеп ең/,- жақсылық ошағыңның бұтында ма екен /бар бақыт үйіңде ме/,- надан кеуде /білімсіз/,- жүрегі тоңазып, қатты бүрісіп кетті /түршігу60-бет,- құрыш сөздер қатарларын құйып отыр /саналы сөздер/,- сараңдығын найзаға шаншып жатқан болуы керек /бетіне айту/,- сөзі қақ бастан қамшымен ұрғандай болды /төбеден түскендей/63-бет,- тұлан тұтты /ашуланды,/- салмағы ауыр сөз /шындық,/- зәрі кетпейтін сөз /қатты сөз/,- тентек кеңес құрып, қыңыр байлау жасаған /арсыз істер/,- бұқпа торғайдай /қорқақ/ 65-бет,- қылшығың құрыды ма /айтар сөзің жоқ па/,- тұяқ серппе /түк істеме/,- етегіңнен ұстап өлермін /айрылмау/,- тұнығыңды шайқармын /тыныштығынды алармын/,- бұт артар жалғыз шолақ /бір жануар, 66-бет, - шетке шашау /шашылмау/,- өріске шалқып, бір сағаға құйып жатқан ой мен есеп /бір пайда көздеу 67-бет,- екі иығына екі кісі мінгендей /ірі/,- төсі төңкерген астаудай /жуан/,- қыршын жас /бала/,- аяқтағы суға ағып өліппін /қауқар қылмау/,- кіжінуі көп, килігуі жоқ көп өкініш /сөзі көп, ісі жоқ/,- ақша қарға аунап шыққан қайсар тағыдай / ширығу 70- бет, қылшығы құрымаған ат / бусанып - қылшығы құрымаған ат / бусанып көрмеген семіз жылқы/,- тісті тіске қойып отырған шақ /аштық74-бет,- қанжосын бәле келді /аяусыз/,- қара жер жарылып жұтсашы /жоқ болса 75-бет,- жыландай ысқырған хабар /суық 77- бет, - малдан көз айырмау/бағу/ 78-бет,- оттай қызып қайнаған кеуде /ыза кернеген 81-бет,- кері кеткеннің босағасы /жолы ашылмаған/ 83- бет,- асқақ бай /өте бай/,- қолтығына дым бүркіп /желіктіру/90- бет,- сыздықтатып қотыр жеткізудің ебін табады /айта білу/,- тайдың да құйрығын ұстатпаймын /түк бермеу 91-бет,- айналшық жегендей /кетпей/,- көптің көз жасына ұшырап отыр /қарғыс алу/,- сайда саны, құмда ізі жоқ /белгісіз92-бет,- қасиетті қайрат /күш/, - қарғаның көзін қарға шұқымас /мәтел 94-бет, - түрт сайтан деп отыр /желіктіру/, - жауаптан қашпасын /жауап бергісі келмеу 95-бет,- қу томардай жайымыз бар /жалғыз болу, өспеу/,- қамшы салғызбайтын жүріс /өздігінен жүру/,- сыртынан дауыл өкірсін /жамандық шақыру/,- пысық болыс / өз жағдайын көп ойлайтын,/- ер көңіл /жомарт/,- еркін шабытты жүз /көңілді101-бет, - ұзын арқау, кең тұсау /молшылық/, - қысқа жіп күрмеуге келмес /жоқшылық/,- еңкейсе Ертісі, шалқайса Шыңғысы /кеңдік/,- сөзі оқ атқандай /турашыл/,- елімді көгендетіп тізгізе алмаймын /қорғау 102-бет,- қырым еті жоқ қу басын неғыламын /жалғыз кедей адам,/- ат тұмсығы тірелді деген осы /келу/,- асу жаққа көз салды /алысқа қарау 104-бет - сорып тастағандай, шөлмектей /боп-боз 107-бет,- басы ауырып, балтыры сыздаса /жаны ашыса 111-бет,- бұтағынан үзілген мәуем еді /жойда- жоқта мерт болу/,- пісіп толғанын аңсаушы ем /өскенін/,- ыстық мейірім /аналық сезім 112-бет - өлім сағатында /үзілер шақ/, - асыл жан /құрметті/,- ашық ойлы /ойын жасырмау/,- даналық қайрат /ақылмен жұмсалған/,- оң шыраймен ұзатып /қимастықпен/,- шарасыздықпен отырып қалды /не істерін білмеу/,- тілі орамды /сөзшең/,- епті мінезді /жұмсақ мінезді/,- байлаусыз қобалжу /шарасыздық/,- қазынадай қарт /ақылды 116- бет, - терең жауап /толық 117- бет, - ой желісіқара өзегін қақ жарып шыққан тартыс /ежелден келе жатқан/,- ұшқыннан алау атады /мәтел/,- қарын шаш /баланың туғандағы шашы/,- қу шүберектей /аппақ 120-бет, - көзіне көк шыбын үймелеу /пәлеге қалу/,- жіпсіз тұсау /кете алмау 122-бет
- кәпір мінез /жаман/,- айдынын асыру /алдау123- бет, - жемтіктес құзғын жандар /бір пайда ойлау/, - қанына қарайғандай /намысына әбден жету/,- отқа түсердей /ашыну/- қанықайнап /ашуланып/128- бет,- кекті үндермен айқайлайды / ашынып/,- үзілмес қайғы /ұмытылмас/,- қалың ой /қайғы/,- ауыр ойлар бунайтын шақ /қапаланған кез/ 130-бет,- елді жегідей жеп жатқан /талап жатқан,- қалың қарғыс пен көлдей көз жас /елдің титығына жету/,- жауыздық қойны- қонышымда отырғаны ма /жақыны жауыз/
- басымды алып қашсам еді осы пәледен /құтылсам131- бет- қоралы қойдың жай жайылуындай /тыныштық132- бет,- қан қақсатқан екен /шулату 133- бет, - тепсе темір үзетін / қайратты/ 134- бет,- жатыпішер /жалқау/,- тұяқ ілінер бұдыр жоқ /жазық/
- қажырлы қайрат /қаймықпас/,- ықтиярсыз қылмыс /шарасыз/,- ауыр шындық /ащы/
- тон мойын төрелер /рақымсыз/,- тайшаптырымға созылған /алысқа/136- бет, - қою қасты /жалпақ/ 140- бет,- сыпайылықтың тон терісін сейілтті /бет-пердесін ашты/ 141- бет,- бармағынан бал тамған /өнерлі/,- ойының үстінен түскендей /ойындағысын тауып айту,/- аса бір нәзік леппен шарпып өтті /наздану/,143- бет,- таң қылаңдап келе жатқан шақ /таңертең/,- Әбіштің ішінде бір алысу бар /ойы бар/,- кіші бесін кезі /түс/,- қара су /ішетін/,- жаманшылықтың құрығынан құтылар күн жоқ /езгідегі өмір/ 145-бет,- шарасыздық қол –аяғын буып /қолдан келері жоқ/,- ауылдардың құйрығын байланыстырғандай /туыс ету,/- қиян- кескі араздық /қырғын/,- ішкен асын жерге қояды /қатты қуану,/- сорақы мінез /ұятсыз адам/,- өз ішінен жік шығарады /араздастырады, шағыстырады/,- іштей бітім табуға бейімдеп жүр /шешімге келу,/- арылмас жаулық /қысастық/,- ақ дегенім алғыс, қара дегенім қарғыс болсын /айтқаным келсін/ 146- бет,- жықпай көзін ашылмайды /жеңбей жақсылық жоқ/,- «қарғы бауына жүз құры ат беремін» дегендей /қымбат алу,/ - ұстаған жерде қолы, тістегенде тісі кететін кісі /азулы/ 147-бет,- ойының қисыны бар /жөні бар/,- сауырына қол тигізбей келді /жеңілмеу/,- жеген малының талайын құсар еді /алғанын қайтарар еді/,- жерге кірсе де қоймаймын /болмаймын/,- жамандықтар қозданып бықсыған сайын /көбейген сайын /
- қарға тамырлы қазақ /танысы көп/ 148- бе,т- жауыздар қалың жыныс қарағайдай / мол, меңіреу/,- тастақ тақыр кезең /жұт/,- тұнып тұрған тас қараңғы ұйқыдай /білімсіздік/,- бір жаққа лағып кеткіш /қыңыр/,- адыра қалған дәуреннің шашпауын көтермек 154- бет,- төреге ерген ерін арқалайды /мақал/,- өткір ой /тура айтылған/ 155- бет,- құйын қуған қаңбақтай / көше беру/,- сайда саның, құмда ізің жоқ / тұрақтамайсың/,- көл бетінде қалықтаған көбіктей бұрқ етіп шығып, тағы тозып тарап жүрген ашыған ой / мазасыз, шешуі жоқ ой/156- бет, - қанатымды бүтіндеп, бекітіп қайтқандаймын / шабыт алу 158- бет,- құрықсыз кеткен /тентек/,- қанаты қырқылған құстай (алысқа бара алмайды) 159- бет,- қара қабандай болып қабарып кету / түтігу/ 160- бет,- көптің жазасы иттік болмаса, өзге тілді түсінбейді / тоқ ашты түсінбейді/
- жамбасына бату / қиындық көру 163- бет,- жарғақ құлағы жастыққа тимей /тынымсыз/
- бетің- жүзің бар демей / қарсы алысу,/- отқа қолы күйген /жамандық көрген, жолы болмаған/ 165- бет,- тұзақтарын үзіп талқан етті /босады/,- түнді көз ілмей өткізді /ұйқысыз/,- айдынын асырып, кеудесін өсіреді / мансап қуу/168-бет, - ұстаған жерде қолы, тістеген жерде тісі кетерлік /айтқанын істейтін/ 169-бет,- табанын көк жалаған етіктер /көп жаяу жүрген/ 170-бет,- оқу қолды ұзартады /білімдінің білгені көп/ 172-бет,- әліпті таяқ деп білмейтін /тәрбиесіз/ 173- бет, - тұл отырған жесір / күйеуі өлген әйел/ 174-бет, - қолды – аяққа тұрғызбай /отырғызбай/,- тас түйін отыр / дайын/ 175-бет, - көз қырынан қақас қалмау / бақылау/176-бет, - опық жеу /өкіну/, - тек шет жағасы /бастамасы/177-бет,- бәле қуған /тынымсыз/,- іркіп айтып отыр /толық шешілмеу/,- суық сөз /қаралы сөз/,- күні тумай жүр /уақыты келмей жүр/,- оқу білім ағартқан /оқыған/,- «айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды» /мәтел/,- шай қайнатым іші /тез, 10-15 минуттық/193-бет, - жауыздық жеті басты жыландай / үздіксіз қастандық/ 200-бет, - ордалы қасқырдай ұлыған /пайдасын көздеген байлар/ 201-бет
- орай бермей, борай берем /тыныштық бермеу/,- жағаңа жармасып өлем /қарсылық/
- қанын ішіне тартып / сұрланып/ 203-бет, - тозаңдай мұң / елеусіз/ 206-бет, -достықтың жүзіне шаң отырмастай /адал 210-бет,- бойындағы тәуекелін танытты /шешімге келе алатындығын/ 213-бет,- тұнығын лайламау /жайына қалдыру,/
- атасы алыс / сыры бөтен/,- жыл құсындай /сирек келетін/,- жүрек жарғандай сыр / шын сыр/ 217-бет,- қанаты күн сайын қатайып келеді /өсіп келеді/218-бет,- күн санап даму /тез, қаркынмен даму/,- дүниеге жаңадан атар таңның лебін сезгендей /келешектен үміт күту,/- сөздерді тіл ұшымен айтқан болады /жай айтқандай/ 228-бет,- ауыздары аппақ боп қара жерге отыру /алдану/,- сыртынан үйшік құру /қастық ойлау 229-бет,- тартыстың ішкі арқауын ұстау /себебкері болу/,- тор құру /қастық ойлау/,- астынан ит, үстінен құс ұшыру /жамандық келтіру/, - оқтай тию /дәлдеу/, - өнер емес, у ғой /әнмен көзге айтқан шындық /239-бет, - жарық сәуле әкелетін ырыс / жақсылық әкелетін/ 240-бет,- арлы ақын /шыншыл/,- Шұбар тулап кетті /ұнатпай кетті/ 241-бет, - алпыс екі тамырын түгел ереуілдеп туламас па /жан-тәнімен қарсы болу,/- өнімді ой /жақсылығы бар/,- қолтықтарына дем бүрку /желіктіру/ 242-бет,- жым- жырт аққан қара су тәрізді /тыныштық/,- шек-сілесі қатып күлу /қатты күлу/,- жалтақ сөз /өтірік/,- бойын тез жию /қатаю/,- көзбе –көз отырып сөйлесу /екі адамның сөзі/,- бастан-аяқ болу /оқиғаның ішінде болу/,- көзі көш жерде /алыста/ 245-бет,- өз қолына тиіп тұрған тізгінді билесін, босатпасын /қолыңдағы іс/,- хайла-шарғы ғой /әдіс-тәсілі/,- жырақтан орағытып айтты /алыстан айтты/ 247-бет- бір саты сөз бар /көп/ 248-бет, - қызыл түлкідей /айлалы/, - қой көз /кішірек/, сөзді майдаламай-ақ қой /бірден айтпау/, сорлы болған күйімді май сылаумен жазам деп пе едің /жай сөзбен жаза алмайсың/ 249-бет, - ұя бұзар сөз /қисық, көпке қатысты/,- оңай қоржын
көре алмайсың /қолды қылу 250-бет, - аяқсыз сөз /соңына дейін айтылмаған/, - шашау
сөзден өрт шығады /мәтел/ 251-бет,- түс шайысу /ұрысу/,- аузын алдын ала алып қою /алдын ала пара беру/,- бөксесін алысқа салып күресу /жасырын /,- жүрек айнытар сөз /ессіз/, - Әзімбайдың қол-аяғы шешілді / жолы ашылды/,- өкпе арқалап барады /ренжу/, - үлкен бәленің жотасы көрініп тұр /шу шығару/,- жыланның зәріндей сөз /қатты сөз/
- жәрдемің қарлығаштың қанатымен су сепкендей /аз/ 254-бет,- қалың ел /халық/
- жыланша сұғын қадап /қанау 258-бет,- ақ жолмен алысу /ашық/,- қоңыр жел /жылы/,
- жіңішке өзен /кішкентай/,- мөлдір су /таза/,- шамдай жарқыраған көз /үлкен/ 259-бет,
- оттай даулы топ /шешім қуған/,- бұлдыр сөз /белгісіз, айқын емес/,- бұлаңқұйрыққа салу / алдуа / 261-бет,- қабаған қара төбеттей /ашулы/,- сырдың ұшығынан берген /сырың толық ашпау/,- мұрасын өз уысынан шығармау /ешкімге бермеу/ 262-бет,
- сөзді өткір көзімен жұтып отырды / сенбеу, сынай қарау/,- ашқарақ арлан бөрідей арлы-берлі сабылды / жаугершілік жасау/,- сараң сөз /аз сөз/ 263-бет, - басына тор құру / жамандық ойлау/,- құрған торы мойнын созып бара жатыр / қастығы толастамау/
- тамыр болу / таныс болу/,- жанды жері / әлсіз жері/,- айлакер есеп / өз пайдасын ойлаған/,- үй ішінен қадалтып қою / араз қылу/,- тақыр қолтығы кезеліп отырған қазаның оғы сол / ауыртпалығы/,- тізе қосу / бірігу/,- айдынды боп бару / көп болып бару/,- қан қақсатып отыр / жылату 264-бет, -құр алақан қалдыру /ештенесіз қалдыру,/
- зәр шашу /жақындатпау/,- миы ашып, ауысып кететіні көп қой / ойдан шаршау / 265-бет,- жер қуған қаңбақтай төңкеріліп кетер депті / жер аударылу/266-бет,
- үзеңгі жолдас /серік/,- аузын ала беру / пара беру,- бірін-бірі оққа байлап бермес үшін / бір-бірін ұстап бермес үшін/ 267-бет,- бетін ашты / ойын айтты/,- құнан шаптырым жерде / жырақ жерде/ 270- бет,- құйрығын сыртқа салу араласпау271-бет/, - түрі көздің алмасын сорады / түрі әдемі,/- жотасынан оқ атқандай / қапы қалу/ 275-бет,
- сөздің бәрі пісіп жатыр / айтылып жатыр/ 276-бет,- елді жем ету / елден пайда көру/ 278-бет,- салқын қарау / ұнатпау/,- қалың ел /көп ел, халық/ 282-бет, - бояма сөз / алдамшы сөз 284-бет, - жалын үстінде күйдіретін сөз /шындық/, ұлықтың табаның жалап /жағынып/, қабағын суық түйіп /ұнатпау/, қабақпен өкпе көрсетіп тым-тырыс /ренжу/,- ауыз жаласу/сөз байласу/,- шытқыл аяз, қабақ шытпай қабылдау / ренішсіз қабылдау/ 285-бет,- ел орынға отыра берген шақ /кешкі уақыт 286-бет, - ауылдың желкесінде кездесу /ашық жерде /,- үш ұйықтаса түсіне кірмес /ойламаған жерден/
- бықпырт тигендей /мазалау/,- қатал күн /суық / 290-бет, - жазықсыз үй-іші
/ кедей лашығы/ 293-бет,- еңбегімізді емейік деп / жемісін көрейік деп/ 300-бет,
- санама сәуле беріңіз / түсіндіріңіз/ 303-бет,- жібектей есіліп / сызылып/ 309-бет,
- құлақ оты жерден тыңдайық / болған оқиға туралы ғана/ 313-бет,- мұрты астынан езу тарту / күлімсіреу/ 314-бет,- тіл шешілді / сөз сөйлене бастады 318-бет, - шаң беріп отыр / дем беру/ 319-бет, - жар құлағы жастыққа тимейді / дамылсыз/ 331-бет,
- іштей жегідей кеміріп жүрген бір жара / мазалап жүрген ой 339-бет, - жын қуған
бақсыдай /селтеңдеу/ 355-бет, - сөйлемесе іші кебеді / сөзшең/,- ізге түскен иттен бетер / тіміскі/338-бет,- тас қараңғы / белгісіз/ 369-бет, - атан кеуделі / кең кеуделі/ 370-бет,
- жалғыз тамшы қаным қалғанша / өлгенше/ 374-бет,- шойын жұдырығымен / үлкен/ 375-бет,- қанын ішіне тартып /сұрланып /379-бет, - өрт хабарындай / өрекпіп жеткен лақап/, - тығырыққа қамай соқтыққан /бұрылуға шама бермеу/387-бет,- жаудың анық
терең тамырын ұстап алып, сол жерден бұғалық тастамақ /осал жерін табу/,- жиренгеннен өртенгендей болар едік / ұятты болар едік/ 388-бет,- қарға адым жер / жақын жер/,- салқын күлкі / мысқыл/,- қылыш үстінде серт тұрмайтын шақ / сенімсіздік жайлаған кез/ 389-бет,- қара ниет / арам пиғыл, 390-бет, - құшақтаса араласып отырған / тату 392-бет,- иыққа иық тіресу / өзара көмек393-бет /, - қанышер заң /әділетсіз/,
- ыстық жайды толғайды / жаңа оқиға/, 396-бет,- асқақ сәлем/үлкен сәлем/ 399-бет,
- қара жел / дауыл/ 401-бет,- бие бауындай жер / өте жақын/,- жаны жалын атты / жаны күйді/ 402-бет,- қара суық/желді/ 405-бет, -ащы ой /шындық/,- ет асымдай мезгіл / 2-3 сағат/ 406-бет,- қой өрісіндей жер /кең жер/,- бір байлау жасау / шешімге келу/ 407-бет, - оқуына тұсауы кеңиді / алды ашылады/,- науқасым кәрі лаңқадай / ескі ауру/ 408-бет,- көзіне қанды сүйел боп жатқан / басты кедергі/ 409-бет, - жүрегім аузыма тығылып оянамын /шошу 410-бет, - отты көздер/ашулы 411-бет,- қоңыр үнді жайлы- сылдырай күліп / таза күлкі 412-бет,- қан кешу/ қиындық көру/,- маңдай термен жеген/ еңбектенген/ 420-бет,- саудасының ұшы-қиыры жоқ /шексіз/.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.– Алматы: Ғылым, 1977–712 б.
2. Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. – 255 б.
3. Сатенова С. Қос тағанды фразеологиялық тіркестердің авторлық қолданысына қарай өзгеруі / Тіл тарихы және сөз табиғаты. – Алматы: Ғылым, 1997. – 85-89 бб.
4. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің синонимдік қатарлары . Тіл тарихы және сөз табиғаты. – Алматы: Ғылым, 1997. – 89-96,бб.
5. Қоңыратбаева Ж. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер – Алматы: 2002. – 30 б.
6. Мұқтар Әуезов. «Абай жолы» романы. 2 том