ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

User Rating:  / 0
PoorBest 

К.Т.Бейсембаева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
№35жалпы орта білім беру мектебі (Павлодарқаласы)
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Берілген бақалада автор шетел тілі сабақтарында оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдарын қарастырған. Атор өз тәжірибесіне сүйене отырып, құзыреттілікті қалыптастыру бойынша жұмыстың әдіс- тәсілдерін ұсынады.

В статье автор рассматривает пути развития ключевых компетенций на уроках иностранного языка. Опираясь на свою практикуавтор делиться основными методами работы по развитию ключевых компетенций.

The author considers the development of key competences for foreign language lessons. Based on own practice to share the author basic methods work on the development of key competencies.

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құңдылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш- қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген.
Бүгінгі таңда мектеп оқушылардың бойында заманауи білім сапасын анықтайтын білім білік дағдыларын, өз бетімен әрекеттену, өзіндік жауапкершілік сияқты негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға міндетті.
Құзыреттілік – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.
Құзыреттіліктің басты мақсаты- балаға әлеуметтік қоғамға бейімделіп, белсенді өмір сүруіне көмектесу. Бұл мақсатқа тек бірнеше шарттарды орындау арқылы жетуге болады:
• Дидактикалық талаптар:
Нақты білім беру міндетерін қалыптастыру
Сабақтың оңтайлы мазмұнын анықтау
Оқушылардың ғылыми білімді игеру деңгейін болжау
Оқыту, ынталандыру және бақылаудың ең қолайлы әдіс тәсілдерін таңдау
Сабақта барлық дидактикалық принциптерді іске асыру
• Психологиялық талаптар:
Дамыта оқыту принциптеріне сәйкес сабақтың мазмұны мен құрылымын анықтау
Мұғалімнің өзін- өзі ұйымдастыру ерекшелігі
Танымдық қызметті ұйымдастыру
Жаңа білім мен білікті қалыптастыру процессінде оқушылардың ой және қиял әрекетін
ұйымдастыру
Оқушыларды ұйымдастыру
Жас ерекшеліктерін ескеру
• Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:
Сабақ эмоцианалды болу керек
Сабақтың тақырыбы мен ырғағы оңтайлы болу керек
Оқытушы мен оқушының арасында толық байланыс болу керек
Мейірімді және белсенді шығармашылық атмосферасын қалыптастыру
Әрекет түрлерін өзгертіп отыру
Әрбір оқушының белсенділігн қамтамасыз ету
• Сабақтың гигиенасына қойылатын талаптар
Температуралық режим
Желдету
Жарықтандыру
Жалығудың алдын алу
Әрекет түрлерінің алмасып отыруы
Сергіту сәті
Оқушының партада дурыс отыруы
Сынып жиһазының оқушы бойына сәйкестігі
Шет тілі сабақтары құндылықтарды бағалау құзыреттілігін қалыптастыруда барынша қолайлы орта, себебі біз тілді құрал ретінде қолдана отырып айналамыздағы әлемді оқып, үйренеміз. Оқушылар оқу және тыңдау мәтіндерін талдау арқылы, адами әңгімеге қатысып, моральдық таңдау жасау жағдаяттарында аталған құзыреттілікке ие болады. Мысалы 9 сынып «Біздің өміріміздегі теледидар» тақырыбындағы тапсырма: Сен- «Теледидардағы зорлық- зомбылық» тақырыбында өтіп жатқан телебағдарламамен байланыста тұрған талқылау тобының мүшесісің.Осы мәселе бойынша өз көзқарасыңды білдір.
8- сынып «Арал мәселесі» тақырбында оқушылар «Арал мәселесін шешуге бағытталған проект құрастыру керек болса сен не істер едің? Бұл мәселені шешудің қандай жолдарын табар едің?» деген сұрақтар төңірегінде дикуссия жүргізеді.
Педагогикалық практика барысында оқушылардың жеке ерекшеліктері, олардың қабілеттері мен бейімділіктері ескеріледі. Білім беру нәтижесі шынымен де сапалы болуы үшін оқушы жеке білім алу траекториясы бойынша жылжуы керек. Кейде бастауыш мектепте ағылшын тілін оқып, үйреніп келген 5 сыныпқа ағылшын тілін мүлде оқымаған оқушы келуі мүмкін. Бұндай оқушы қысқа мерзімде басқа сыныптастарын «қуып жетуі» үшін жеке білім беру траекториясы бойынша оқуы қажет. Біреулері керісінше қызығушылығы лексика және грамматика тұрғысынан бағдарламалық материалдың шеңберінен асып, қосымша елдің тарихына қызығатын оқушыларды мұғалім өзінің жеке оқу траекториясында дамытуы керек.
Жалпы мәдени құзіреттілікті меңгеру, жылдан жылға қажеттілігі артып бара жатқан мәдениетаралық диалогқа қосылуға, толерантты болуға мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларды типтік деп көрсетуге болады:
6 сынып «Мерекелер». Көнеден келе жатқан дәстүрлі мерекелерге деген заманауи көзқарастың маңыздылығы. Тапсырма: Рой (рок музыкант) және Лидияның (панк-ақын) сұхбатын оқып, шатастырылған репликалардың ішінен әрқайсысының жауаптарын анықта. Олардың дәстүрлі мерекелерге деген көзқарастары қандай? Ал сенің ше?
7 сынып «Тамақтану әдебі».
Қарабайыр заманнан бастап қазіргі уақытқа дейінгі тамақтану мәдениеті баяндалады. Оқушылар викториандық Англияның тарихи қалыптасқан тамақтану мәдениетімен танысады.
Тапсырма: Мәтінді оқып, келесі сұрақтар төңірегінде хабарлама жаса:
o Викторияндық Англияда дастархан басындағы балалармен қарым-қатынас.
o Балалардың кешкі астарға көзқарасы.
o Қалай ойлайсың қазіргі таңда отбасы мүшелерінің тамақтану барысындағы қарым-қатынасы өзгерді ме? Сендердің отбасыларыңда қандай тамақтану ерекшеліктері бар?
Үйірме жұмысының да ролін атап кету керек. Үйірме жұмысының басты мақсаты- бағдарламалық материалдың шеңберінен шықпайтын оқушылардың сөздік қорын байыту, үйреніп отырған тіл елдеріне деген қызығушылықтарын арттыру, мәдениетін, тарихын, салт- дәстүрлері жайында білімдерін толықтыру. Оқушылар әр түрлі тақырыптарда дикуссияға түсіп, өз ойларын дәледеу үшін көп ізденеді және бұл ізденіс ақпараттық технологиялар арқылы іске асады.
Жалпы шет тілін үйретудегі ең басты мақсат- оқушылардың бойында коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру болып табылады, сондықтан коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру шет тілін үйретудегі бірден бір міндет.
Коммуникативтік құзыреттілікті игерген оқушы төмендегі міндеттерді атқара алады:
 Өзін ауызша және жазбаша түрде таныстыра алады, сауалнама, өтініш, түйіндеме, хат, құттықтау хат жаза алады;
 Мәдениет аралық диалог режимінде өз сыныбын, мектебін, мемлекетін таныстыра алады;
 Айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасай алады, дұрыс сұрақатар қойып, диалогқа түсе алады;
 Монолог, диалог, оқу, жазу сияқты әр түрлі тілдік әрекеттерді, лингвистикалық және тілдік құзыреттілікті игереді;
 Ұжыммен жұмыс істеу әдістерін, ымыраға келу, ортақ шешім таба біледі;
 Көпұлтты, көп кофессиялы ортада оң коммуникативтік дағдылары бар.
Мен оқу процессінде, оқцшылардың бойында негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға жағдай жасап отырамын:
Коммуникативтік-байланысқа түсу қабілеті.
Жоғарыда атап кеткендей шет тілдерін үйретудің басты мақсаты оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.
Ақпараттық – ақпараттық технологияларды жетік білу.
Ақпараттық технологиялар білім беру процессінің, жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналып келе жатқанын ескере отырып, мен оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды енгізу арқылы оқушыларға өз әлеуетін, тәуелсіздігін қалыптастыруға, өздігімен білім алуға, өзін-өзі басқаруға оңтайлы жағдай жасаймын. Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқытудың көрнектілігі мен оқушылардың ынтасын арттыруға септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде маған оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастырудағы мақсат- міндеттерді іске асыруға мүмкіндік береді.
Адамгершілік – жалпы адами моральдық заңдарға сәйкес өмір сүру.
Аталған компоненттерді қалыптастыруда оқу процессінде тұсаукесерлерді қолданамын.
Сабақта презентацияларды пайдалану оқу барысында айқындық пен қолжетімділік принциптерін толығырақ іске асырға, оқушылардың танымдық қызметін іске қосуға бағытталған проблемалық жағдаяттар ұсынуға, сабақта уақытты тиімдірек қолдануға мүмкіндік туғызады.
Электрондық оқыту құралдарын қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, жан-жақты ойлау қабілетін дамытуға, іздеу және зерттеуге оқушылардың психикалық қызметін бағыттауға мүмкіндік туады.
Соңғы уақытта, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруда жобалау әдісінің артықшылықтарын пайдаланамын. Оқушылардың ғылыми-зерттеу және жобалау әрекеттері инновациялық білім беру технологиялары болып табылады және білім беру жүйесінің ғылыми қауымдастық нормалар мен құндылықтарын, білім беру, тәрбие, қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаның дамуы сияқты мәселелерді шешудегі кешенді құрал ретінде қызмет етеді. Білім беру жүйесінде студенттердің негізгі құзыреттерін қалыптастыруда жобалау әдісінің ролі зор.
Жобалауға негізделген оқыту, өздігінен білім алып, ізденуге оң мотивация жасайды. Қажет материалдарды іздеу анықтамалық оқулықтармен жүйелі жұмысты талап етеді. Біздің байқауымызша жобаны іске асыру барысында оқушылардың 70% -дан астамы тек оқулықтарға ғана емемс, сондай-ақ басқа да әдістемелік құралдарға, ғылыми әдебиеттерге, интернет ресурстарына жүгінеді. Осылайша, білім беру процесіне жобалау қызметін енгізу оқушылардың мәселені шешу және байланыс құзыреттілік деңгейіне оң ықпал етеді.
Қорытындылай келе, қазіргі қоғамның, экономиканың және білім берудің дамуындағы өзгерістер кез - келген жағдайды саралап, мәдени және әлеуметтік шараларға белсене қатысатын, өзгермелі заманда өз бетімен шешім қабылдай алатын XXI ғасыр тұлғасын қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан жазушы Кларктың «Жай біліп қана қоймай, оны қолдану керек. Қатты қалап қана қоймай, әрекет ету керек» деген сөздері қазіргі таңда өзекті.

Әдебиеттер:

1. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі»
(ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008
2. «Қазақстан мектебі» журналдары № 3,7 56-58б 2010 жыл
3. Т.В. Лазарев, Образовательные технологии новых стандартов, Петрозаводск, «Версо», 2012
4. И.А Зимняя, Ключевые компетентности как результативно-целевая основа компетентностного подхода в образовании / Авторская версия / И.А. Зимняя. М.: Московский исследовательский центр подготовки специалистов. 2004.
5. Е.И. Пассов, Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. - М., 1991
6. В.В Сафонова. Коммуникативная компетенция: современные подходы к многоуровневому описанию в методических целях. – М.: НИЦ “Еврошкола”, 2004.