Қосымша білім

Жыл сайын ЖОО мамандықтары ҚР-ның жоғары оқу орнындары арасында білім сапасы бойынша үздіктер бестігіне кіреді. ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығы жүргізген мамандықтардың Ұлттық рейтингісінде ИнЕУ мамандықтары көшбасшылардың үштігінен орын алды.

ИнЕУ-де төмендегідей білім алуға болады:

  • Мемлекеттік үлгідегі диплом алып, ҚР Мемлекеттік стандартына сәйкес;
  • Ресей, Германия және АҚШ жоғары оқу орындарының дипломын алып, халықаралық стандарттарға сәйкес.

ИнЕУ-де қосымша білім беру қызметтерінің жүйесі жұмыс істейді:

  • Кәсіпкерлікке, қызметкерлер құрамын басқару психологиясын оқыту
  • Шет тілдері курстары
  • IT-технологияларды оқыту
  • Автомектеп
  • Қазіргі еңбек нарығының талаптары есепке алынған арнайы курстар мен мамандандырулар
  • Біліктілікті жетілдіру курстары
  • Қосымша кәсіби білім беру курстары.

Жоғары оқу орнында ұйымдастырылған «Корпоративті университет» аймақтық оқу-ғылыми-өндірістік консорциумы аймақтың білім беру, ғылыми мекемелер мен бизнес-құрылымдарын біріктіреді. Ол университеттің басты миссиясы – аймақ пен мемлекетті тұрақты дамытуға ықпал ету мақсатында корпоративті байланыстарды, инновациялық технологияларды дамыту арқылы үздіксіз білім беру жүйесі, әлемдік білім кеңістігіне кірігу негізінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін құрылды.