"Құрастыру негіздері және машина бөлшектері" пәні бойынша республикалық олимпиада

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар


WhatsApp Image 2019-02-09 at 08.51.56 1

2019 жылдың 6-8 ақпанында Семей қ.Шәкәрім ат. Мемлекеттік университетінде "Құрастыру негіздері және машина бөлшектері" пәні бойынша Қазақстан Республикасының ЖОО-дары арасында профессор О.Т.Теміртасовтың 80 жылдығына  республикалық олимпиада өтті. 


Олимпиада екі кезеңнен өтті: 1-ші күні- жеке сынақ, ал 2-ші күні машина құрастыру пәні бойынша жалпы тапсырмалар "Брейн Ринг" командалық сайыс. Сонымен қатар команда жетекшілеріне ғылыми семинар ұйымдастырылды.
Олимпиадада 10 команданың 8-і біздің еліміздің аймақтарынан болды.   Инновациялық Еуразия университетін кафедрасының студенттері Барабанов Сергей мен Сулейменов Арман ұсынды. Команданың жетекшісі ӨИжД кафедрасының оқытушысы Бертаев Аскар Уаликанович болды.
Барабанов Сергей жеке сынағында «Жобалау негіздері және машина бөлшектері» пәні бойынша проблемаларды шешудің өзіндік ерекшелігі үшін  арнайы грамотаға ие болды. "Брейн Ринг" командалық конкурсында қатысушылар командамен жалпы есептерді шығаруға міндетті болды,  ИнЕУ-ді ұсынған Сулейменов Арман мен Барабанов Сергей барлық ЖОО-дар арасынан 1-ші орынға ие болды.

WhatsApp Image 2019-02-09 at 08.51.56

Семей қ. өткен олимпиадаға Астана, Ақтау, Көкшетау, Петропавловск, Қызылорда, Теміртау, Павлодар және Семей қалаларынан қатысушылар келді.Барлық қатысушылар және олимпиада жеңімпаздары диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бертаев Аскар Уалиханович
ӨИжД кафедрасының оқытушысы

Оқу 92 Время
Жаңартылды Monday, 11 February 2019 16:57

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)